Ресейлік «Спутник V» вакцинасының әр дозасы 26 доллар тұрады

10 Ақпан 2021, 17:29
2015
Бөлісу:
Ресейлік «Спутник V» вакцинасының әр дозасы 26 доллар тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Қазір коронавирустық инфекцияға бірден-бір тосқауыл қоятын нәрсе – вакцинация. Бүгінгі таңда 10 шақты мемлекет өз тұрғындарына вакцинация жүргізуде. Солардың бірі болып біздің елімізде де 1 ақпаннан бастап алдыңғы шепте жүрген мамандарға екпе салу шарасы басталды. Ресей мен біздің елдің достығы, ынтымақтастығы арқасында вакцина ең алдымен біздің елге жеткізілді және еліміздің фармацевтикалық кешенінде препаратты одан әрі жетілдіру жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл қазір жүзеге асуда, - деді ол. 

Вице-министр вакцинаның екі инъекциясының құны 26 доллар тұратынын айтты.

Біздің елімізде барлық халықаралық стандарттарға сай дәрі-дәрмек өндіретін жалғыз кешен Қарағандыда орналасқан. Бағасы бойынша вакцинаның екі инъекциясы 26 доллар тұрады. Қазақстандағы баға Ресейдің ішкі нарығындағы бағамен бірдей. Біз шикізат пен логистикасын  қаржыландырмаймыз. Ол әрбір вакцинаның сатып алу мөлшеріне байланысты, - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде 13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина салдырған.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы