Әлия Юсупова Гимнастика федерациясын басқарады

10 Ақпан 2021, 11:30
2091
Бөлісу:
Әлия Юсупова Гимнастика федерациясын басқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды.

Бұл туралы Olympic.kz сайтында хабарланды.

Сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы кезінде өтті.

Бұл мен үшін және көптеген адам үшін күтпеген жағдай болды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тағайындау - жаңа міндет, жұмыстағы жаңа кезең, ол қазір істеп жатқанымнан да қызық болады. Ақтоты Рахметоллақызы бастаған Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ он жыл бойы атқарған жұмысы үшін Үміт Болатханқызына алғыс айтамын. Сондай-ақ мен бас бапкер ретінде қызметімді жалғастырамын, өйткені менің жаңа тағайындауым - қоғамдық лауазым. Мен екеуін бірге алып жүре аламын. Бәрінікіндей менің де мақсатым біреу - спортты дамыту және елге нәтиже беру. Басында оңай болмайтынын түсінемін, бірақ менің тәжірибем, білімім мен күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлесіп атқаратын жұмысымыз көптеген міндетті барынша шешеді. Біз бірге федерацияға кіретін әрбір спорт түрін дамыту және танымал ету үшін жұмыс істейміз, - деді Юсупова.

Юсуповаға дейін бұл қызметті Үміт Шаяхметова атқарған еді.

Әлия Юсупова Гимнастика федерациясын басқарады

Әлия Юсупова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. 

Афинада (2004) және Бейжіңде (2008) жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 

Әлия Юсупова Гимнастика федерациясын басқарады

2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолют чемпионы болған. 

Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 

2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы.

Өзгелердің жаңалығы