Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

10 Ақпан 2021, 06:30
1358
Бөлісу:
Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде жолда қалған 89 адам эвакуацияланды, оның 14-і бала. Құтқаруға 48 қызметкер мен 27 патрульдік автокөлік жұмылдырылды, деп жазды aikyn.kz.

8-9 ақпанда Ақмола облысында жолда қалған 89 адам жылыту пунктеріне жеткізілді, оның 14-і бала. Құтқару жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Ауа райының нашарлауына байланысты қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақмола облысының ПД күштері және құралдарынан 27 бекет қойылды. Оған 48 қызметкер мен 27 патрульдік автокөлік жұмылдырылды, – деді ведомство.

Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, құтқарушылар азаматтарды өңірдің блок бекеттерінен жылыту пункттеріне жеткізді. Ерейментау ауданында 40 адам (оның ішінде 7 бала) және 20 көлік аудандық Мәдениет үйіне орналастырылды. Ал, Щучье қаласының жоғары техникалық колледжіне 31 адам, оның ішінде 5 бала орналастырылды. Шортанды ауданында эвакуацияланғандардың арасында 1 жасар баласы бар жүкті әйел де болды. Целиноград ауданы аумағында ЖКО кезінде бес адам құтқарылды.


Өзгелердің жаңалығы