15 мыңнан астам үлескер жылдар бойы пәтерін күтеді. Көлгінов мәселені қалай шешетінін айтты

10 Ақпан 2021, 10:26
1936
Бөлісу:
15 мыңнан астам үлескер жылдар бойы пәтерін күтеді. Көлгінов мәселені қалай шешетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты. 

Үлескерлер мәселесі - проблемалық сұрақтың бірі. Бұл мәселені Мемлекет басшысы өз бақылауында ұстап отыр. Егер өткен жылы 52 проблемалық нысан болды, яғни ол 130 пәтерді құрайды. 15,5 мың үлескер жылдар бойы үйін күтеді. Оны мемлекет өз бақылауына алды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2019 жылы 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2500 үлескер пәтеріне кірді. Биыл біз қарқынды жұмыс жүргізбекпіз. 7 мың үлескерді баспанамен қамту үшін 50-ден астам пәтерді пайдалануға бермекпіз, - деді ол. 

Көлгінов үлескерлер арасында қандай проблемалар болғанын айтты. 

Жобалық-сметалық құжаттар болмады. Үлескерлер арасында дау туындады. Қаржы жетіспеді. Біз осылардың барлығын шештік. Біз бірде-бір үйді назардан тыс қалдырмаймыз. Барлық үй тапсырылады, - деді ол. 

Оның айтуынша, құрылысшылардың барлығы үлескерлермен жұмыс істегісі келмейді.

Үлескерлер арасында түсініспеушілік туындайды. Проблемалық мәселе осыдан туындайды, - деді ол.
Бұған дейін Көлгінов 2021 жылы қолжетімді баспана санын 10 мың пәтерге арттыратынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы