Қарағанды облысының жолдарында 8 адам құтқарылды

10 Ақпан 2021, 14:38
1908
Бөлісу:
Қарағанды облысының жолдарында 8 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты өңірдің ТЖД халыққа ескерту жасады, бірақ соған қарамастан, қолайсыз ауа райында азаматтардың жолға шығу жағдайлары жалғасуда. 9 ақпанда ТЖД бөлімшелері жолда қалған техникалық ақауы бар автокөліктерден 8 адамды құтқарды.

9 ақпан күні сағат 15:50-де Осакаровка кентінен 1 шақырым жердегі «Алматы-Екатеринбург» автожолында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автокөліктен 3 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады.

Кешке Осакаровка кентінен 8 шақырым жерде ТЖД күшімен техникалық ақаулы автокөліктен 2 адам құтқарылып, Осакаровка кентіне жеткізілді. Сондай-ақ сағат 22:50-де Бұқар Жырау ауданында, «Алматы-Екатеринбург» автожолының 975 шақырымында ТЖД күшімен техникалық ақауы бар автокөліктен 3 адам құтқарылды. Зардап шеккендер Қарағанды-Сортровка стансасына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады, - делінген таратылған ақпаратта.

Қарағанды облысының ТЖД ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтыққа шығуды уақытша шектеу, сапарлар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеру, метеожағдайлар мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажеттігі туралы ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы