Мирас Іргебаев: Бірлесіп жұмыс істейтін болсақ, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз

10 Ақпан 2021, 15:51
2436
Бөлісу:
Мирас Іргебаев: Бірлесіп жұмыс істейтін болсақ, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қайырымды істер марафоны» донорлар мен меценаттар кездесуі кезінде «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев қордың негізгі атқаратын жұмысымен таныстырды.


«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры - «Samruk-Kazyna»-ның барлық тобының қайырымдылық жұмысымен айналысатын бірыңғай операторы. Қор 300-ге жуық ұйымы бар үлкен компанияны таныстырады. Біз жыл сайын әлеуметтік маңызды бар түрлі шараларды өткіземіз. Бұл шаралар қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға көрсетіледі, - деп атап өтті ол.

Қор 2020 жылы шамамен 55-ке жуық әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырды.

Былтыр 460 мыңға жуық бенефициар көмекпен қамтамасыз етілді. Пандемияға қарамастан әлеуметтік саланың дамуына, оны қолдауға 4 млрд теңге бөлінді. Яғни карантинге қарамастан әлеуметтік жобалардың форматын өзгертіп, қашықтан іс-шараларды өткіздік, - дейді Іргебаев.

гулж1.jpeg


Оның айтуынша, жобалардың басым көпшілігі белгілі бір әлеуметтік маңызды топтарға қолдау көрсетуге бағытталған.

Мысалы, балалар аула клубы болса, онда ол қашықтан қызмет көрсету форматына ауысты. Одан бөлік, 2 млрд теңгеден аса қаражатты өңірлерді дамытуға бөліп, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп бірнеше жобалар жүзеге асырылды. Жалпы мемлекеттік органдармен бірлескен жобалар көп болды, - деп атады Мирас Іргебаев.

Оның сөзінше, «Қайырымды істер марафоны» дәл уақытында бастама алған маңызды жоба.

Бұл марафонға «Samruk-Kazyna Trust» қосылуға дайын. Марафон философиясына кіретін барлық әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық іс-шараны өткізуді жалғастыра береміз. Республика деңгейіндегі осынау жобаға бірлесе атсалысатынымызға қуаныштымыз, - дейді ол.

Іргебаев айтқандай, қайырымдылық – бұл тек қана адамдар жайында. 

Егер бірлесіп жұмыс істейтін болсақ, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. Менің ойымша, бұл Волонтерлар жылынан кейінгі жақсы қадам. Сондықтан барлық корпоративтік донорды, ауқымды бизнесті, әріптестерімді, волонтерларды осы жобаға қатысуға шақырамын. Барлығымыз күшімізді біріктірген кезде ғана тиімді нәтижелерге жетеміз, - деп түйіндеді өз сөзін Іргебаев.

Өзгелердің жаңалығы