Бізге осындай кері байланыс қажет. Көлгіновке 3 сағатта 1200-ден астам сұрақ қойылды

10 Ақпан 2021, 13:26
1558
Бөлісу:
Бізге осындай кері байланыс қажет. Көлгіновке 3 сағатта 1200-ден астам сұрақ қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің есептік кездесуі  барысында тұрғындардан 1200-ден астам сұрақ келіп түсті. 

Көлгінов тікелей эфирде 3 сағат бойы есептік кездесу өткізді. Осы аралықта Youtube арқылы 1000-нан астам, ал facebook желісі арқылы 200 сұрақ келіп түскен. 

Баршаңызға үлкен алғыс айтамыз. Белсенділік танытып, сұрақ қойып, ұсыныс айттыңыздар. Әрине, келіп түскен сұрақтардың барлығына тікелей эфирде жауап беру мүмкін емес. Бірақ қойылған сұрақтардың барлығына міндетті түрде жауап береміз. Бізге осындай кері байланыс қажет. Қала тұрғындарының ұсыныстары алдағы жұмысымызда ескеріледі, - деді ол. 

Дегенмен, есептік кездесу барысында Көлгінов бірқатар маңызды сұраққа жауап беріп үлгерді. 

Оның ішінде Қосшы ауылының мәртебесі, Astana LRT құрылысы мен жауыннан кейінгі елорданың жағдайы, үлескерлердің проблемалық мәселелері қаузалды. 

Оған қоса, қала әкімі елорданың құрылыс жағдайы мен биыл салынатын нысандар туралы да айтып берді. Қаланың экологиялық тазалығы мен газдандыру мәселесі де назардан тыс қалмады.

Өзгелердің жаңалығы