Жапонияда вакциналау басталады

10 Ақпан 2021, 23:05
1263
Бөлісу:
Жапонияда вакциналау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда вакциналау алдағы аптада басталады. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Бірінші кезекте 4 миллион медицина және әлеуметтік сала қызметкері екпе алады. Екінші кезеңде жасы 65-тен асқан 36 миллионға жуық қария егілуі тиіс. Сосын созылмалы ауруы бар 8 миллион 200 мың адамға вакцина салынады. 

Мамыр айында халықтың қалған бөлігі вакциналауға қатысады. Күншығыс елі «АстраЗенека», «Пфайзер» және «Модерна» компанияларының препараттарына былтыр тапсырыс берген. 

Вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі толық расталған соң келесі аптаның ортасында вакциналауға кірісеміз. Дәрігерлер, медбикелер мен әкімшіліктен жауапты кезеңде ынтымақтаса жұмыс істеуді талап етеміз. Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек, – дейді Жапония Премьер-министрі Ёсихидэ Суга.



Өзгелердің жаңалығы