Все новости за 26 шілде 2026
-
-
Ақмола облысының үш ауданында құрғақ шөп өртенді
Жалпы жанған аумақ 38 гектардан асты.
-
Алматы облысында тауда жарақат алған екі турист құтқарылды
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
-
Creative Aimaq: ШҚО креаторлары Астанада 3,8 млн теңгенің өнімін сатты
Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды дамытуға, жергілікті авторларды қолдауға және олардың өнімдерін нарыққа шығаруға бағытталған.
-
Алматыда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
-
Елімізде бір тәулікте орман қорында екі өрт тіркелді
Қазіргі уақытта қажетті техника мен мамандар өртті толық оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
-
Тек өңірлік ынтымақтастық емес: Омбыдағы форумның Қазақстан үшін маңызы қандай?
Форум аясында көтерілген бастамалар мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелері Қазақстанның өңірлік саясаттағы ұстанымы мен сыртқы саяси басымдықтарына қатысты сарапшылардың назарын аударды.
-
Жетісу облысында үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр
Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізуде
-
Нетаньяху АҚШ-қа сапары алдында әскери-саяси кабинет отырысын өткізеді
Израиль премьері Вашингтонға аттанар алдында қауіпсіздік мәселесін талқылайды.
-
Қазақстандық спортшы Германиядағы жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Артем Матусевич жеңіл салмақта қола жүлдеге ие болды.
-
Испаниядағы орман өрті: 60 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді
Тілсіз жаудың таралуына байланысты мыңдаған тұрғын үйлерін уақытша тастап шығуға мәжбүр болды.
-
Алматы облысында тас көшкінінен зардап шеккен турист құтқарылды
Құтқару операциясына тікұшақ тартылып, зардап шеккен турист қауіпсіз жерге жеткізілді.
-
«Союз МС-28» ғарыш кемесі Ұлытау облысына сәтті қонды
Ғарышкерлерді алып келген капсула жоспарланған аймаққа сәтті қонып, экипаж эвакуацияланды.
-
Павлодардағы көпқабатты үйден шыққан өрттен 20 адам эвакуацияланды
Төтенше жағдай кезінде тұрғындар өздігінен сыртқа шығып, зардап шеккендер болған жоқ
-
Трамп пен Зеленский келесі аптада Ақ үйде кездеседі
Келіссөз барысында Украинадағы ахуал мен барлау мәліметтері талқылануы мүмкін.
-
Астанада реновацияның алғашқы жемісі: «Дәрмен-1» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
«Дармен-1» – елордадағы реновация мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан алғашқы тұрғын үй жобасы.
-
Алматыда ҚХП ұйымдастыруымен «Мәңгілік классика» акциясы өтті
Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Қазақстан Халық партиясының ұйымдастыруымен «Мәңгілік классика» атты акция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Акция барысында саябақта ішекті аспаптар квартеті әлемдік классикалық шығармаларды орындап, әсем әуен қала тұрғындарымен еркін пікі
-
Оңтүстік Қытай теңізінде кеме апаты болды
Вьетнамның «Кхой Нгуен 18» кемесі суға батып, қалған жолаушыларды іздеу операциясы жалғасып жатыр.
-
Ақтау маңында жолға шыққан жылқы үйірінен жаппай жол апаты болды
Жүргізушілер алты сағаттан астам полицияны күтіп, мал иесін табуды талап етті.
-
«Союз МС-28» ғарыш кемесі Жерге оралады
Кеме экипажымен бірге Халықаралық ғарыш стансасынан сәтті ажырады.
-
Жамбыл облысында жоғалып кеткен 19 жастағы қойшы аман-есен табылды
Ол бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарынан кейін табылды.
-
Тоқаевтың Омбыға сапары: Қазақстан мен Ресей қандай жаңа мүмкіндіктерге жол ашты?
Екі ел сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтіп, жаңа бірлескен жобаларды дамытуға басымдық беріп отыр.
-
Иран мен Оман Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін талқылады
Тараптар Тегеранда бірнеше кезеңнен тұратын келіссөз өткізді.
-
Қазақстанда кәсіби оқуға жолданғандар саны 1,2 есе көбейді
Жыл басынан бері 3 741 адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға жіберілді.
-
Қытайда жойқын тайфунға байланысты 700 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Табиғи апат салдарынан бірнеше провинцияда ең жоғары деңгейдегі ескерту жарияланды.
-
Каспий теңізінде жер сілкінді
Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте тіркелді.
-
Алматыда тоғызыншы қабаттан құлаған 40 жастағы әйелдің өлімі тергеліп жатыр
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
-
Астананың Сарыарқа ауданында тәртіп бұзушылар рейд пен камера арқылы анықталып жатыр
«Көктал» саябағында өткен рейд барысында тұрғындарға қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптары түсіндірілді.
-
Қытай Қазақстанда қоқыстан электр өндіретін зауыттар салады: халыққа қандай пайда, қандай қауіп бар
Астана, Алматы және Шымкенттегі зауыттар жылына 1,6 млн тоннадан астам қалдық өңдемек. Бірақ жоба тариф, экология және қайта өңдеу саласына қатысты бірқатар сұрақ туғызады.
-
Францияда теракт дайындады деген күдікпен алты адам ұсталды
Күдіктілердің лаңкестік әрекетке дайындалғаны тексеріліп жатыр.
-
Риддер ЖЭО-да 3,3 шақырым жылу желісі жаңартылады
Жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатыр.
-
Өрт сөндірушілер жалын шарпыған үйден үш газ баллонын алып шықты
Газ баллоны уақытында шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
-
Қазақстандық семсершілер Гонконгтағы әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына өтті
Руслан Құрбанов пен Кирилл Проходов келесі кезеңде бақ сынайды.
-
Жапонияда 40 градустық аптап ең ұзақ уақытқа созылды
Елдің бірқатар өңірінде бес күннен бері 40 градустан жоғары ыстық сақталып тұр.
-
Алматыда есірткі дүкенінің QR-кодын таратқан күдікті қолға түсті
QR-кодтар есірткі сатылатын сайтқа бағыттап отырған.
-
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пунктеріндегі валюта бағамдары
26 шілдедегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамдары белгілі болды.
Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде:
АҚШ доллары: сатып алу – 470,00 теңге, сат
-
Жапонияда екінші астана құру туралы заң жобасы қабылданды
Басқарушы коалиция ұсынған бастама оппозицияның қатаң сынына ұшырағанымен, құжат бәрібір қабылданды.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
-
БҚО-да Ресей бағытына апаратын көпірде қозғалыс уақытша шектеледі
Шектеу көліктің барлық түріне қатысты болады.
-
Ресей бензин экспортын шектеу мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Шектеу жанармай өндірушілерге де, оны өндірмейтін компанияларға да қолданылады.
-
Қазақстан өсімдік майы мен күнжара экспортынан рекордтық табысқа қол жеткізді
Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша саланың экспорттық түсімі 1,15 млрд АҚШ долларынан асады деп күтілуде.
-
Трамп Google-ға салынған айыппұлға байланысты ЕО-ны кедендік баж салығымен қорқытты
Еуропалық комиссия Google компаниясы нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланды деп есептейді.
-
Тең мүмкіндікке бастар қадам: Таразда инклюзивті спорттың жаңа орталығы бой көтереді
Тараз қаласында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға ғана емес, барлық тұрғынға тең мүмкіндік беретін жаңа әлеуметтік нысан бой көтереді. Инклюзивті спорт орталығы – өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жоба ғана емес, қоғамдағы қолжетімді орта мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтатын бастама. Заманауи талаптарға сай салынатын кешен мыңдаған азаматқа спортпен айналысуға, өз мүмкіндігін ашуға және белсенді өмір салтына араласуға жол ашады.
-
Германияда жеңіл ұшақ тұрғын үйдің шатырына құлап, бір адам қаза тапты
Германияда ұшақ тұрғын үйге соғылды
-
Алматыда жүк көлігі басқару тетігінен айырылып, бетон блокқа соғылды
Қатты соққы салдарынан көліктің кабинасы қатты зақымданған. Апаттың ауқымына қарамастан, ешкім зардап шеккен жоқ.
-
Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай орын алды.
Наверх