Creative Aimaq: ШҚО креаторлары Астанада 3,8 млн теңгенің өнімін сатты

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды дамытуға, жергілікті авторларды қолдауға және олардың өнімдерін нарыққа шығаруға бағытталған.

26 Шілде 2026, 22:53
АВТОР
 Мәдениет және ақпарат министрлігі 26 Шілде 2026, 22:53
26 Шілде 2026, 22:53
186
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

25–26 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға өңірдің креативті индустриясының 50-ге жуық өкілі қатысып, дизайнерлік брендтер, қолөнер бұйымдары мен заманауи шығармашылық жобаларын ұсынды.

Жәрмеңке барысында сәндік-қолданбалы өнер, дизайн және авторлық шығармашылық бағыттарында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар балаларға арналған SAMGA театры Абайдың «Болыс болдым, мінекей» шығармасының желісімен қойылған спектакльді сахналады.

Келушілер арасында Шығыс Қазақстан облысының көрікті туристік бағыттарының біріне екі адамға арналған жолдама ойнатылды.

Екі күн ішінде жәрмеңкеге 1 500-ге жуық адам келді. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты. Келушілерге керамика, тоқыма бұйымдары, интерьерге арналған заттар, кескіндеме туындылары, ағаш пен былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдары және кәдесый өнімдері ұсынылды.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды дамытуға, жергілікті авторларды қолдауға және олардың өнімдерін нарыққа шығаруға бағытталған.

Қазіргі уақытта жоба аясында еліміздің алты өңірінде креативті жәрмеңке өткізілген. Оларға 16 мыңға жуық адам қатысып, креаторлардың өнімдерін сатудан түскен жалпы табыс 25,3 млн теңгеден асты.

Наверх