Жетісу облысында үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр

Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізуде

26 Шілде 2026, 21:19
АВТОР
 Скриншот 26 Шілде 2026, 21:19
26 Шілде 2026, 21:19
109
Фото: Скриншот

Жетісу облысында Алматы – Өскемен республикалық автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат 26 шілдеде автожолдың 474-шақырымында, Көлбай ауылы маңында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Highlander автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан кейін Lexus көлігі де жол апатына ұшыраған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары және жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмылдырылды. Зардап шеккендердің саны мен олардың жағдайы нақтыланып жатыр.

Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)

Наверх