БҚО-да Ресей бағытына апаратын көпірде қозғалыс уақытша шектеледі

Шектеу көліктің барлық түріне қатысты болады.

 Depositphotos.com 26 Шілде 2026, 07:43
26 Шілде 2026, 07:43
95
Фото: Depositphotos.com

26 шілдеде Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым өткізу бекеті) халықаралық маңызы бар автожолындағы көпірде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым өткізу бекеті) халықаралық маңызы бар автожолының 247-шақырымында орналасқан Шаған өзені арқылы өтетін көпірде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26 шілде күні сағат 05:00-ден 11:00-ге дейін аталған учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысы уақытша шектеледі, – делінген хабарламада.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.

Наверх