Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында ерлер арасындағы жеке шпага бәсекесінің плей-офф кезеңі өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Қазақстан құрамасының барлық өкілі – Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов үздік 32 спортшының қатарына ену үшін сынға түсті.
Руслан Құрбанов Израиль өкілі Йонатан Мессика Ламбрейді 15:7 есебімен сенімді жеңді. Ал Кирилл Проходов финляндиялық Йярви Керркодан 15:5 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Өкінішке қарай, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай жүлде үшін күресті жалғастыра алмайды. Шарлаимов Америкалық Виргин аралдарының өкілі Круз Шембриге 9:15 есебімен жол берсе, Сертай оңтүстіккореялық Квон О Миннен 10:15 есебімен жеңілді.
Бұған дейін Гонконгтағы әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жеке шпага сайысының плей-офф кезеңі өткен болатын.
Қазақстан құрамасының барлық өкілі – Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов үздік 32 спортшының қатарына ену үшін сынға түсті.
Руслан Құрбанов Израиль спортшысы Йонатан Мессика Ламбрейді 15:7 есебімен сенімді жеңді. Ал Кирилл Проходов Финляндия өкілі Йярви Керрконы 15:5 есебімен ойсырата ұтып, келесі кезеңге өтті.
Өкінішке қарай, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай жүлде үшін күресті жалғастыра алмайды. Шарлаимов Америкалық Виргин аралдарының өкілі Круз Шембриге 9:15 есебімен есе жіберсе, Сертай оңтүстіккореялық Омин Квоннан 10:15 есебімен жеңілді.