Все новости за 19 шілде 2026
-
-
Қазақстандық жас триатлоншылар Еуропа кубогында екінші медалін жеңіп алды
Ұлттық құрама аралас эстафетада күміс медаль иеленді.
-
Үш облыстағы орман өрттері толық сөндірілді
.Төтенше қызметтер ауа температурасының жоғарылауына байланысты елімізде орман өрттерінің саны артып жатқанын еске салып, азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
-
Алматы тауларында аяғын жарақаттаған қыз құтқарылды
ТЖМ тауға шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, жер бедерінің күрделілігін ескеруге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
-
Қазақстандық оқушылар Халықаралық биология олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар үш күміс және бір қола медаль иеленіп, 1996 жылы қол жеткізілген ұлттық құраманың Халықаралық биология олимпиадасындағы үздік нәтижесін қайталады.
-
Астанадағы Ұлы Дала көшесінің қиылысы екі күнге жабылды
Астанадағы Ұлы Дала даңғылы мен Р1 көшесінің қиылысы екі күнге ішінара жабылды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақта жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылы мен Р1 көшесінің қиылысында жо
-
Венгрия президенті өз қызметінен кету туралы жарлыққа қол қойды
Заң мәтініне сәйкес, бұл өзгерістер жаңа Конституция қабылданғанға дейін мемлекеттік институттардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа Конституцияны парламент қоғамдық және сарапшылық талқылаулардан кейін әзірлеуді жоспарлап отыр.
-
Дрон шабуылынан кейін КҚК терминалында мұнай тиеу тоқтатылды
Қазақстанның Энергетика министрлігі қауіпсіздік мақсатында мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
-
Алматыда көпқабатты үйдің балконынан құлаған жігіт мерт болды
Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.
-
ҚР СІМ КҚК арқылы мұнай тасымалдаған кемелерге жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдаған кемелерге жасалған шабуылға қатаң жауап берді
-
Қазақстандық балуан Будапешттегі рейтингтік турнирде күміс жүлдеге ие болды
Алтын Шағаева Венгрия астанасында өткен United World Wrestling рейтингтік турнирінде 55 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.
-
Бақты – Аягөз теміржолының тең жартысынан астамы салынды
Стратегиялық маңызы бар теміржол желісінің құрылысы 52%-ға аяқталды.
-
Президент тапсырмасы орындалуда: Баянауылда жасанды интеллекті бар жаңа визит-орталық ашылды
«Сарыарқа сыры» визит-орталығы Баянауылдың туристік әлеуетін арттырып, өңірге келетін туристер санын 300 мыңға дейін жеткізуге ықпал етпек.
-
Алматыда отбасылық жанжалдан кейін әйел мен балаларын полиция құтқарып қалды
Тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың алдын алып, әйел мен балаларды қауіпсіз жерге шығарды.
-
Атырау – Ақтөбе пойызында жолаушы көз жұмды
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, мән-жайы анықталып жатыр.
-
Қызылорда облысында құдыққа түсіп кеткен түйе құтқарылды
Оқиға Қармақшы ауданында болды. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен жануарды аман алып шықты.
-
Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау: Есіл өзенінің жағалауында профилактикалық рейд өтті
Рейд барысында тұрғындарға қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-
Франция құрамасының көпжылдық бас бапкері қызметінен кетеді
Ұлттық құраманы ұзақ жыл басқарған маман өз қызметінен кететінін мәлімдеді.
-
Измир жағалауында 39 заңсыз мигрант ұсталды
Мигранттар жағалау күзетінің операциясы кезінде анықталып, кейін көші-қон қызметіне тапсырылды.
-
Ақмола облысында түн ішінде 2,7 гектардан астам аумақтағы құрғақ шөп өрті сөндірілді
Өрт сөндірушілер жалынның кең аумаққа таралуына жол бермей, өртті толық ауыздықтады.
-
Иранның оңтүстік-батысында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды
Жерасты дүмпулері Хузестан провинциясында тіркелді, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
-
Оңтүстік Америкадағы Гайана жағалауында 116 адам мінген кеме аударылып қалды
Апаттан кейін ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталып, ондаған адам құтқарылды, қалғандарын іздеу жалғасып жатыр.
-
19 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы белгілі болды.
-
Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды
Күдікті екі айға қамауға алынды, оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
-
Сюй Тао: Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапары Қазақстан–Қытай ынтымақтастығын жаңа технологиялық кезеңге шығарды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін айқындаған маңызды саяси оқиға болды. Мемлекет басшысы Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына және Жасанды интеллектіні жаһандық бас
-
Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты
Тікұшақ ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде құлаған, апаттың себептері анықталып жатыр.
-
Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды
Оқиғадан кейін әйелге бірнеше күрделі ота жасалды, қазір оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
-
Қазақстандағы тасжолдардың бірінде аптап ыстықтан асфальт көтеріліп кетті
Жол жабыны қатты ыстықтың әсерінен деформацияланып, ақау қысқа уақыт ішінде қалпына келтірілді.
-
Қазақстанның металлургия кәсіпорындары 19 трлн теңгенің өнімін өндірді
Сала ел өнеркәсібінің негізгі тіректерінің бірі ретінде жоғары өндірістік көрсеткіштерді сақтап келеді.
-
Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдоннан кейінгі алғашқы жарысын Вашингтонда өткізеді.
-
Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ тартылды
Полтавка ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 581,4 млн теңгені құрады.
-
Металлургтер күні: Қазақстан табиғи байлығын индустриялық дамудың тірегіне қалай айналдырып жатыр
Металлургтер күні бүгінде еліміздің өнеркәсіптік әлеуеті мен өндірістік дамуының символына айналды.
-
Бельгия Израиль аудандарынан әкелінетін тауарларға тыйым салуды мақұлдады
Жаңа талаптарға сәйкес өзгерістер 1993 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған тауарлар мен оларға қатысты технологиялардың импорты, экспорты және транзитін реттейтін корольдік жарлыққа енгізіледі
-
Римде мыңдаған әскери қызметкер наразылыққа шықты
Наразылыққа Libera Rappresentanza dei Militari (LRM) әскери ұйымы мен басқа да кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің әлсіз болуы, тұман және температуралық инверсия сияқты ауа райы құбылыстарының әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуы. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
-
Түркістан облысында есепте тұрған 89 нашақор азамат көлік айдап келген
Қазіргі уақытта бұл бағыттағы қадағалау жұмыстары күшейтілді.
-
Англия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде ағылшындар Францияны 6:4 есебімен жеңді.
Англия матчты өте қарқынды бастап, алғашқы таймда төрт гол соқты. 3-минутта есепті Деклан Райс ашса, 18-минутта Эзри Конса баспен дәл соққы жасады. Артынша Букайо Сака 37 және 45-минуттарда екі рет мергендік танытып,
-
Иорданияда америкалық екі әскери қаза тапты, АҚШ Иранға жаңа соққылар жасады
CENTCOM АҚШ күштерінің Иран аумағына жаңа әуе соққыларын бастағанын хабарлады. Әскерилердің айтуынша, бұл операциялар Иранның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына қауіп төндіру мүмкіндігін азайтуға және Иорданиядағы шабуылға жауап ретінде жүзеге асырылып жатыр.
-
Үндістан алғаш рет жеке компания жасаған Vikram-1 зымыранын ұшырды
Биіктігі шамамен 22 метр болатын Vikram-1 төмен Жер орбитасына 350 келіге дейінгі пайдалы жүкті шығара алады.
-
Алматы облысында 30-дан астам адам автосалонға алданып, көлігінен айырылды
Алматы облысында көлігін автосалон арқылы сатқысы келген 30-дан астам адам машинасыз қалды. "Темір тұлпарды жылдам өткізіп, ақшасын 14 күнде береміз" деген орталық мүлікті атына аударып алғаннан кейін хабарсыз кетті, дейді олар.
-
Жетісу облысында велосипед мінген жасөспірімді көлік қағып кетті
Апат 17 шілдеде Панфилов ауданының Жаркент қаласында болған.
-
Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы ойынын өткізді
Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы бейресми ойынына қатысты.
-
Трамп Канадаға жаңа тарифтер енгіземін деп қорқытты
АҚШ президенті Дональд Трамп Канададағы ірі орман өрттерінен тараған түтіннің АҚШ-тың солтүстік штаттарын басуына байланысты Оттаваға жаңа кедендік тарифтер енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Канаданың Орман өрттері жөніндегі ақпараттық жүйесінің дерегінше, 17 шілдедегі жағдай бойынша елде 955-ке жуы
-
Жібек Құламбаева Румыниядағы WTA 250 турнирінің финалына шықты
Жібек Құламбаева Армения өкілі Алина Чараевамен жұптасып, жартылай финалда бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы өнер көрсетті. Турнирдің бірінші нөмірлі жұбы саналған қарсыластарын олар екі сет қорытындысы бойынша 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
Наверх