Все новости за 11 шілде 2026
Шілде 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
29
|
30
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
1
|
2
|
-
-
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Спортшы сырықпен секіру сайысында 5,05 метр нәтижені бағындырып, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
-
ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды
Осы оқиғаға байланысты полиция ата-аналарды балаларын адам көп жиналған орындарда қараусыз қалдырмауға шақырды.
-
Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
-
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент өз құттықтауында Райымбек ауданы ел мүддесіне адал қызмет еткен көптеген көрнекті тұлғаларды тәрбиелеп шығарғанын атап өтті.
-
Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді
Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің бақылауы барысында анықталды.
-
Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалінде қонақтарға 1 тонна шұбат ұсынылды
BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі 11–12 шілде күндері елордадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр.
-
Белгілі журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев өмірден өтті
Жұмабек Табынбаев еңбек жолын 1978 жылы бастап, өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті қызмет атқарды.
-
Ақтөбе облысында Маржанбұлақ ауылындағы бұлақтың айналасы абаттандырылды
Экологиялық акция аясында бұлақтың маңы тазартылып, тұрғындардың жайлы демалуына арналған инфрақұрылым жасалды.
-
Алматыда 20 жастағы қыз тұрғын үй кешенінде биіктен құлап, ауыр жарақат алды
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, дәрігерлердің айтуынша, бойжеткеннің жағдайы ауыр.
-
Тайваньда тайфуннан кейін 5 мыңнан астам турист аралдарда қалып қойды
«Бави» тайфуны салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланып, бірнеше өңірде сел, көшкін және су басу қаупі жарияланды.
-
Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды
Экологиялық акция аясында бұлақ көздері тазартылып, айналасы абаттандырылып, табиғатты қорғау жұмыстары жүргізілді.
-
Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді
Халықаралық фестивальде 56 тонна қымыз ұсынылып, үздік өндірушілер анықталып, ұлттық спорт пен гала-концерттер өтеді.
-
Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті
Ішкі істер министрі АҚШ-та қызмет етіп жүрген қазақстандық полицейлердің кәсіби жетістіктеріне жоғары баға беріп, оларға алғыс айтты.
-
Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды
Полиция арнайы операция барысында қарулы күдіктіні залалсыздандырып, әйелді аман-есен құтқарды.
-
Өскеменде тұрғын үй өртенді
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, жалынның таралуына жол бермеді.
-
Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты
Фукуок аралы маңындағы апат кезінде бортта 36 адам болған, олардың 21-і құтқарылды.
-
«Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр
Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестиваліне 10 елден қонақтар келіп, үш күндік мерекеде ұлттық өнер, спорт және мәдениет тоғысты.
-
11 шілдедегі доллар бағамы: Астана мен Алматыдағы айырбастау бағамы жарияланды
Ұлттық банк ресми валюта бағамын жариялады, сондай-ақ Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллар, еуро және рубль бағасы белгілі болды.
-
Калифорниядағы орман өрті 650 гектар аумақты шарпыды: тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Лос-Анджелес округіндегі өрттің тез таралуына байланысты бірнеше аудан тұрғындарын міндетті түрде көшіру туралы шешім қабылданды.
-
Бектенов «Болашақ ойындары-2026» турнирін өткізуге дайындықты тексерді
29 шілдеде басталатын халықаралық турнирге әлемнің 35 елінен мыңға жуық спортшы қатысады.
-
Ақтаудағы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында 3 тонна қоқыс жиналды
Экологиялық акция барысында 500-ге жуық адам Каспий теңізінің жағалауын тазалап, шамамен үш тонна қоқыс жиналды.
-
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі басталды
Республикалық экологиялық акцияның екінші кезеңі аясында 12 облыстағы 58 бұлақ пен 35 су айдынының жағалауы тазартылды.
-
Қазақстан балмұздақ экспортын шамамен 50%-ға арттырды
Жыл басынан бері шетелге жөнелтілген балмұздақ көлемі айтарлықтай өсіп, негізгі экспорттық нарықтар қатарында ТМД елдері қалды.
-
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті
Екі күнге созылатын халықаралық фестивальде көкпар, поэзия кеші, республикалық айтыс және Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді.
-
Ақсуда мас күйде жол апатына түскен әйел жалған жүктілік анықтамасымен қамаудан құтылған
Прокурорлар жүктілік туралы анықтаманың жалған екенін анықтап, дәлелдерді қолдан жасау мен пара алу дерегін әшкереледі.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Моңғолия президентіне Наадам ұлттық мерекесіне орай құттықтау жолдап, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.
-
Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалінде 60-тан астам қымыз өндіруші өз өнімдерін ұсынды
Екі күнге созылатын халықаралық фестивальде қымыз байқауы, ұлттық спорт жарыстары мен танымал өнерпаздардың концерті өтеді.
-
Алтын іздеу туризмге айнала ма?
Қазақстанда қарапайым азаматтарға алтын өндіруге көбірек мүмкіндік беру ұсынылып отыр. Сарапшылар старательдік өндірісті жеңілдетіп қана қоймай, оны туристік бағыт ретінде де дамытуға болады дейді. Бұл бастама экономикаға серпін бере ме, әлде заңсыз алтын айналымы мен экологиялық тәуекелді күшейте м
-
Астананың сол жағалауындағы маңызды жолайрық жөндеуге байланысты жабылады
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
-
Астана – Қарағанды тас жолындағы жол апатынан кейін қозғалыс бірнеше сағатқа қиындады
Жол-көлік оқиғасынан кейін көлік қозғалысы уақытша шектеліп, жолда ұзын-сонар кептеліс пайда болды.
-
Ресейде суши мен ролл жегеннен кейін 19 адам уланып қалды
Жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, 12 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
-
Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау миссиясының басшысымен кездесті
Кездесуде Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылау миссиясының жұмысы мен сайлау науқанына дайындық мәселелері талқыланды.
-
Венесуэладағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты
Биліктің мәліметінше, жойқын жер сілкінісінен 16 мыңнан астам адам жараланып, 17 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалған.
-
Футболдан ӘЧ-2026: Соңғы тәуліктегі футбол матчтары
Кеше футбол жанкүйерлері 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалындағы тартысты кездесудің куәсі болды.
Испания – Бельгия – 2:1
Испания құрамасы өте тартысты өткен ойында Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалдың жолдамасын иеленді. Испандар ойын барысында басымдық танытып, шешуші голды ма
-
Биометриялық аутентификацияның жаңа ережелері бекітілді
Тұлғаны растау бет-әлпет бейнесі (суреті) бойынша жүзеге асырылады. Алаяқтардың басқа адамның бейнесін қолдануынан қорғау үшін жүйе пайдаланушыдан кемінде үш кездейсоқ әрекетті орындауды сұрайды, содан кейін олардың орындалуын тексереді.
-
Шомылу маусымы басталғалы Қазақстанда 68 адам суға кетті
Суға кеткендердің басым бөлігі рұқсат етілмеген жерлерде шомылған.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті.
-
Қытай алғаш рет зымыранды сәтті ұшырып, оның бірінші сатысын Жерге қайтарды
Бұл миссия Қытайдың қайта пайдаланылатын зымыран-тасығыш технологиялары саласындағы ірі жетістігі болды.
-
Дағыстанның оңтүстігін су басып жатыр
Нөсер жаңбыр лай көшкінін тудырған.Соның салдарынан жолдар жабылып, 60 елді мекенмен көлік қатынасы үзілді. Тағы 62 ауылда 36 мың адам электр жарығынсыз отыр.
Уллучай өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, жақын маңдағы бөгет толығымен бұзылған. Билік табиғи апат аумағындағы тұрғын
-
Гонконгта итті кафе мен мейрамханаларға алып кіруге рұқсат берілді
30 жылдан астам уақыт бойы күшінде болған тыйымның күші жойылды.
-
Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті
Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады.
-
Марғұлан университетінің ғалымдары фитоингредиенттер негізіндегі жаңа сүт өнімін әзірлейді
«Емдік қасиеті бар фитоингредиенттермен симбиотикалық микрофлораны ферменттеу негізінде жаңа сүт өнімдерін әзірлеу» жобасына 365 млн теңге көлемінде грант бөлінді.
-
12 шілдеден бастап әкімдіктер жалдамалы пәтерлерді тексере бастайды
Пәтерде басқа адам тұрса, мемлекеттік субсидия тоқтатылады.
-
Таразда кесарь тілігінен кейін жағдайы күрт нашарлаған бес баланың анасы көз жұмды
Босанған әйел отадан кейін екі күн өткен соң қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер оның қанға түскен қауіпті инфекциядан зардап шеккенін айтқан. Он күннен астам уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан келіншек қайтыс болды.
-
Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасады
НАТО саммиті қарсаңында Трамп Иранмен атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін мәлімдеп, Иран басшылығын келіссөздер барысында адал әрекет етпеді деп сынға алды.
Наверх