Францияда теракт дайындады деген күдікпен алты адам ұсталды

Күдіктілердің лаңкестік әрекетке дайындалғаны тексеріліп жатыр.

 Agence France-Presse 26 Шілде 2026, 11:19
26 Шілде 2026, 11:19
75
Фото: Agence France-Presse

Франция полициясы Париж маңындағы Сарсель коммунасында теракт дайындады деген күдікпен алты адамды ұстады.

Agence France-Presse агенттігінің хабарлауынша, ұсталғандардың барлығына ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қарақшылық жасау, сондай-ақ қаруды заңсыз тасымалдау және өткізу бойынша айып тағылды. Сот отырысынан кейін олардың барлығы қамауға алынды.

Еске салсақ, 12 шілдеде Францияның ішкі барлау қызметінен күмәнді автокөлік туралы ақпарат түскеннен кейін билік Сарсель ауданынан шамамен 300 адамды эвакуациялаған болатын. Саперлер көліктің ішінен жеті оқ салынған мылтық пен он оқ-дәрісі бар тапанша тапты. Көлік синагоганың жанында тұрғандықтан, тергеу ықтимал шабуылдың нысанасы жергілікті еврей қауымы болуы мүмкін деген жорамалды жоққа шығармай отыр.

Наверх