Алматыда тоғызыншы қабаттан құлаған 40 жастағы әйелдің өлімі тергеліп жатыр

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

 istockphoto.com 26 Шілде 2026, 12:21
26 Шілде 2026, 12:21
145
Фото: istockphoto.com

Алматыда полиция көпқабатты тұрғын үйдің маңынан мәйіті табылған 40 жастағы әйелдің өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тоғызыншы қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлаған.

Пәтерді қарау барысында тергеу-жедел тобы іс үшін маңызды бірқатар материалдарды, соның ішінде жазбаны тапқан. Қазір оның мазмұны зерттеліп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде қайғылы жағдайдың ықтимал себептерін анықтап жатыр. Сондай-ақ марқұмның өмір салты, араласқан ортасы және қайғылы оқиғаға дейін болған өзге де жайттар зерделенуде.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Наверх