Все новости за 25 шілде 2026
-
-
Алматыда 10 мың көпқабатты тұрғын үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Қазіргі уақытта жаңа инфрақұрылымға Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.
-
Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты
Сыйлық қазақ және орыс халықтарын байланыстыратын тарихи-мәдени сабақтастықтың белгісі ретінде ұсынылды. Картинада қазақтың ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевскийдің достығы мен рухани байланысы көрініс тапқан.
-
26 шілдеде 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер бірқатар аймақта төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.
-
Қазақстан мен Ресей президенттеріне сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды
Президенттерге тауар айналымы мен өнімнің шығарылған жерін растауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі, тасымалдау үдерісіне қатысушыларға арналған Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы, жасанды интеллект көмегімен көлік ағынына үздіксіз талдау жүргізетін AI Jol бірыңғай цифрлық жобасы туралы мәліметтер берілді.
-
Путин Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастығының маңызын атап өтті
Ресей Президентінің айтуынша, аймақ басшылары мен бизнестің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде сауда-саттық жанданып, өзара инвестиция ағыны ұлғайып келеді.
-
Қазақстан мен Ресей шекаралық туризм мен әуе қатынасын дамытуды көздейді
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың беріктігі өңірлердің, іскер топтардың, ғылыми және мәдени қоғамдастықтардың белсенді байланысы арқылы нығая түсетін жоғары деңгейдегі сенімді диалогтан, ең бастысы, миллиондаған адамның достығынан байқалатынын айтты.
-
Тоқаев: Цифрлық көлік дәлізі өзара сауда мен транзитті күшейтеді
Мемлекет басшысының пайымдауынша, форум тақырыбы қазіргі халықаралық жағдай тұрғысынан ерекше өзекті.
-
Президент Қазақстан–Ресей инвестициялық серіктестігінің нәтижелерін атады
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазір Қазақстан экономикасының түрлі саласында ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істеуде" деп атап өтті.
-
Мемлекет басшысы XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
Биылғы басқосу «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиегі» тақырыбына арналған.
-
Астанада 7 жастағы бала 13-қабаттан құлап, көз жұмды
Қайғылы оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
-
Қазақстан үстел теннисінен халықаралық турнирдегі алғашқы медалін жеңіп алды
Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде қазақстандық жұп қола жүлдеге ие болды.
-
Қазақстан мен Ресей қандай жаңа жобаларды іске асырады: Путин мәлімдеме жасады
Омбыдағы кездесуде Ресей Президенті екі ел арасындағы сауда, инвестиция және бірлескен жобалардың қарқыны туралы айтты.
-
Тоқаев Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымын айтты
Президент Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді жандандыруға шақырып, Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестікті жалғастыратынын мәлімдеді.
-
Тоқаев Путинмен кездесті
Келіссөзде екіжақты сауда, инвестициялық жобалар және АЭС құрылысы сөз болды.
-
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5,5 мыңнан асты
Табиғи апаттан кейін 18 мыңға жуық адам баспанасыз қалып, елдегі құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
-
Қазақстан ормандарында бір тәулікте үш өрт тіркелді
Екі өрт Бурабай ұлттық паркінде болса, тағы бірі «Семей орманы» резерватында найзағайдан тұтанған.
-
Көкшетау мен Бурабай жағажайларында қауіпсіздікті электрокарлар күзетеді
Ақмола облысында су айдындары мен демалыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экологиялық таза жаңа көлік пайдалануға берілді.
-
Франция орман өрттерімен күреске әскери күшті көбейтті
Ел билігі табиғи апатпен күресу үшін әскерилер санын арттырып, қосымша күштер мен техниканы жұмылдырды.
-
Омбы госпиталі және әке рухына тағзым: Тоқаев ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Президент Омбыдағы әскери госпитальда әкесі Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл қойып, майдангерлердің рухына тағзым етті.
-
Жібек Құламбаева Гамбургтегі WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші жұптық сында жартылай финалда словениялық дуэтке есе жіберді.
-
4% автонесие: Сарапшы бағдарламаның неге жұмыс істемей тұрғанын айтты
Сарапшының айтуынша, мемлекеттік қолдау бағдарламасының тоқтауы автопарктің жаңару қарқынына кері әсер етіп отыр.
-
Тоқаев Омбыға барды: Қазақстан–Ресей форумында қандай мәселелер талқыланады?
Президентті Омбы әуежайында Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, облыс губернаторы Виталий Хоценко және ресми тұлғалар қарсы алды.
-
ЖСДП зейнет жасын төмендету туралы бастамасын «Бостандық марафонында» таныстырды
Елордада өткен іс-шараға партия кандидаттары, еріктілер мен белсенді зейнеткерлер қатысты.
-
Қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысында 29 әлеуметтік нысан бой көтерді
Облыс прокуроры Рудничный кентіндегі жаңа мектептің құрылысын барып көріп, жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.
-
Павлодар облысында қызылшаға шалдыққандар саны күрт өсті
Жыл басынан бері өңірде 398 адамнан қызылша анықталды.
-
Алматы – Астана рейсінен мас күйдегі екі жолаушы түсірілді
Жолаушылардың бірі қоғамдық тәртіпті бұзса, екіншісі қайталанған құқық бұзушылық үшін сотқа жолданды.
-
Инфантильді ұрпақ: оңай келген ақшаға еліту еңбекке деген құрметті қалай жойды
Саясаттанушы әрі жазушы Бақытжан Бұқарбай «сәттілік саудалағандардың» жазасыз қалуы халықтың еңбекке деген көзқарасын жаппай бұрмалауға әкеп соқтырғанын айтты.
-
«Байтақ» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды
«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Астанада партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара «Астана орманы» аумағында өтті. Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, бұл аумақ шамамен 200 гектарды алып жатқан қолдан отырғызылған орман алқабы.
Партия төра
-
Көкшетауда екі жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Бүлдіршін басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
-
Алматыда үш автобус маршрутының жүру бағыты өзгереді
Өзгерістер 25 шілдеден бастап күшіне енеді.
-
25 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды
Kurs.kz мәліметінше, доллардың сату бағасы 477 теңгеге дейін жетті.
-
Александр Бублик Китцбюэльдегі чемпиондық атағын қорғауға бір қадам қалды
Қазақстандық теннисші жартылай финалда Томас Мартин Этчеверриді жеңіп, финалға шықты.
-
АҚШ барлауы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысына қатысты мәлімдеме жасады
The New York Times мәліметінше, Тегеран уран байытуға арналған жабдықтың бір бөлігін жаңа жерасты кешеніне көшіргенү
-
«Ақ жол» әйелдер кәсіпкерлігіне арналған арнайы несие бағдарламасын ұсынды
Елордада партия әйел кәсіпкерлермен кездесті.
-
Ұлытау облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Ведомствоға полиция полковнигі Бауыржан Сапар жетекшілік етеді.
-
Ақмола облысында 18 жастағы жігітті тоқ соғып, көз жұмды
Оқиға кезінде зардап шеккен тағы бір жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
-
Жамбыл облысында заңсыз алкоголь сатқан 370 дерек анықталды
208 кәсіпкердің лицензиясын уақытша тоқтату мәселесі сотта қаралады.
-
Қазақстандықтарға жаңа ипотека ұсынылды: экономистер оның тиімді тұстарын түсіндірді
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй сатып алуға арналған жинақ бағдарламаларын белсенді түрде ұсына бастады.
-
Дастан Сәтбаев «Челсиде» 36-нөмірмен өнер көрсетеді
Қазақстандық шабуылшы маусым алдындағы турнеде 36-нөмірмен өнер көрсетеді.
-
Тоқаев Путиннің шақыруымен Омбыға барады
Мемлекет басшылары Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесу өткізеді.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға кңес береді.
-
Қызылордада рақымшылық аясында алғашқы азамат түрмеден босатылды
Бостандыққа шыққан азамат алдағы уақытта заң талаптарын сақтап, отбасымен қауышып, адал еңбек етуге ниетті екенін жеткізді.
-
Балқаш көлінің жағалауында құтқарушылар төрт баласы бар отбасыға көмек көрсетті
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
-
Венесуэла мен Перу дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіреді
Тараптардың келісімі бойынша алғашқы қадам ретінде екі ел консулдық қатынастарды қайта қалпына келтіреді.
-
Трамп АҚШ-тың Иранмен қақтығыстан шығуының ықтимал жолдарын атады
Трамптың айтуынша, Иран кей жағдайда келіссөзге дайын екенін ашық айтпайды, алайда АҚШ әкімшілігі дипломатиялық шешім мүмкіндігін жоққа шығармайды.
-
Алматыда жаңа сейсмостанциялар салынып жатыр
Қалада халықты төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар етуге арналған Mass Alert жүйесін енгізу жұмыстары да жалғасуда.
-
Шымкентте жолайрық құрылысында 54 жастағы жұмысшы көз жұмды
Шымкент қалалық полиция департаменті адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
-
Елімізде бір тәулікте төрт орман өрті тіркелді
Алдын ала ақпарат бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған.
-
Пәкістан мен Иран АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау жолдарын талқылап жатыр
Пәкістан үкіметінің хабарлауынша, Иран министрі ел басшылығымен және Пәкістан армиясының бас қолбасшысы Асим Мунирмен кездескен.
-
Инклюзивті қоғам құру: Қазақстан қандай нәтижеге қол жеткізді?
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік жәрдемақылармен, арнайы әлеуметтік қызметтермен, техникалық оңалту құралдарымен, жеке көмекші және ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етіледі.
-
Еурокомиссия TikTok-ты балалардың қауіпсіздік талаптарын бұзды деп айыптады
Компания өз мәлімдемесінде жасөспірімдердің аккаунттары сарапшылардың қатысуымен әзірленген 50-ден астам құпиялылық және қауіпсіздік параметрімен қорғалғанын атап өтті.
-
Аптап ыстық: Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыз жағдайларын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
-
Орман өрттері: Франция мен Испанияда 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Қазіргі уақытта ең күрделі жағдай Бордо қаласы маңындағы Жиронда департаментінде қалыптасып отыр.
Наверх