Алматыда полиция синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, таратумен айналысты деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адамды ұстады.
Алматы полициясының мәлімтінше, Алатау ауданында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жеке тінту барысында одан ондаған дайын есірткі орамы табылса, көлігін тексеру кезінде тағы жүзден астам орам тәркіленді.
Жедел-тергеу шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізілді. Онда шығу тегі сараптама арқылы анықталатын заттар, электронды таразы, орау материалдары және есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған құралдар тәркіленді.
Сондай-ақ полицейлер күдікті қала аумағында дайындаған бес жасырын қойманы анықтап, олардан сараптамаға жіберілген зат салынған 300-ден астам орамды алып шықты.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты құрамы, олардың шығу тегі және есірткіні өткізу арналары анықталып жатыр.