Халықаралық ғарыш стансасының үш экипаж мүшесі отырған «Союз МС-28» басқарылатын ғарыш кемесінің қону аппараты Қазақстан аумағына сәтті қонды.
Қону Ұлытау облысындағы Жезқазған маңында Астана уақытымен сағат 16:27-де жүзеге асты. Жерге «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ NASA астронавы Кристофер Уильямс оралды.
«Роскосмостың» мәліметінше, таңертең ғарыш кемесі «Рассвет» модулінен ажыратылған. Осыдан кейін қону аппараты Жер атмосферасына сәтті еніп, белгіленген ауданға қонған.
Орбитадан шығару және Жерге түсу штаттық режимде өтті, – деп мәлімдеді мемлекеттік корпорация.
Қонғаннан кейін экипаж мүшелері қону аппаратынан эвакуацияланып, кейінгі тексерулер мен рәсімдерден өту үшін мамандарға тапсырылды.
Еске салайық, бұған дейін «Союз МС-28» ғарыш кемесі Жерге оралатыны туралы жаздық.