Иран мен Оман Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін талқылады

Тараптар Тегеранда бірнеше кезеңнен тұратын келіссөз өткізді.

 istockphoto.com 26 Шілде 2026, 14:17
26 Шілде 2026, 14:17
141
Фото: istockphoto.com

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаидің айтуынша, консультациялар жұма және сенбі күндері екі елдің сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейінде өтті.

Оның сөзінше, тараптар Иран мен Оманның егемендік құқықтарын ескере отырып, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары мен практикалық тетіктері жөнінде пікір алмасты.

Багаи бұл мәселеге қатысты техникалық консультациялар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Бұған дейін бірқатар халықаралық ұйым Қызыл теңізде, Ормуз бұғазында және оған іргелес аудандарда ахуалдың күрт нашарлап бара жатқаны туралы ескерткен болатын.

Олардың мәліметінше, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасының көлемі 95 пайызға қысқарған.

Наверх