«Союз МС-28» ғарыш кемесі Жерге оралады

Кеме экипажымен бірге Халықаралық ғарыш стансасынан сәтті ажырады.

 видеодан скриншот 26 Шілде 2026, 15:48
26 Шілде 2026, 15:48
140
Фото: видеодан скриншот

26 шілдеде «Союз МС-28» басқарылатын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан сәтті ажырап, Жерге оралуын бастады.

Кеменің бортында ресейлік ғарышкерлер Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев және NASA астронавты Кристофер Уилльямс бар.

Экипаж Халықаралық ғарыш стансасында шамамен сегіз ай болып, осы уақыт ішінде ғылыми зерттеулер жүргізіп, стансаға техникалық қызмет көрсетіп, түрлі тәжірибелер орындады.

Қайтару аппаратының Қазақстан аумағында, Жезқазған маңына 26 шілдеде қонуы жоспарланып отыр.

Экипажды қарсы алу үшін алдын ала іздестіру-құтқару операциясы ұйымдастырылды. Оған авиация мен жерүсті бөлімшелері жұмылдырылған. Олар қонғаннан кейін ғарышкерлерге алғашқы көмекті көрсетеді.

Егер ұшудың барлық кезеңі жоспар бойынша өтсе, экипаж алдағы бірнеше сағат ішінде ғарыштағы миссиясын аяқтап, Жерге аман-есен оралады.

Наверх