Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Бала масадан қорғайтын торға сүйеніп тұрып, бесінші қабаттың терезесінен құлаған.

13 Тамыз 2026, 20:00
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат 13 Тамыз 2026, 20:00
13 Тамыз 2026, 20:00
202
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Астанада тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен екі жасар бала құлады. Бүлдіршінге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы жағдай қалай болды?

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала жатын бөлмедегі терезе алдына шығып, масадан қорғайтын торға сүйенген, содан кейін терезеден құлап кеткен.

«Осы сәтте анасы басқа бөлмеде үй жинап жатқан. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаментінен.

Ведомство өкілдері масадан қорғайтын тордың қоршау болып табылмайтынын және баланың салмағын көтере алмайтынын еске салды.

Полицейлер есретеді

Тәртіп сақшылары ата-аналарды кішкентай балаларды тіпті бірнеше минутқа да қараусыз қалдырмауға шақырды. Терезелерге арнайы бұғаттағыштар, фиксаторлар мен шектегіштер орнату, сондай-ақ бала терезе алдына шығып кетпеуі үшін олардың жанынан төсек, диван, орындық және басқа да жиһаздарды алыс жылжыту ұсынылады.

Полициядағылар егер баланың ашық терезеге еркін өтуіне мүмкіндігі болса, пәтерде ересектердің болуының өзі баланың қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін баса айтты.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте екі жасар бала 9-қабаттағы терезеден құлады

Тағы оқи отырыңыз: 

Дәрігерлер 5-ші қабаттан құлаған төрт жасар баланы аман алып қалды

Алматыда 6-қабаттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Астанада 7 жастағы бала 13-қабаттан құлап, көз жұмды

Наверх