Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма ғимаратынан өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар өртті жоғары шақыру деңгейі бойынша сөндіріп жатыр.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіру үшін бірнеше учаске ұйымдастырылды. Жедел қызметтер жалынды оқшаулап, оның одан әрі таралуына жол бермеу шараларын қабылдап жатыр.
Өрттің шығу себептері мен оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталуда.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде жалынмен ашық жану анықталды.
Өрт орнында үш өрт сөндіру учаскесі құрылды. Өртті сөндіру жұмыстары қою түтінмен, жоғары температурамен және өрт жүктемесінің көп болуымен күрделенді. Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге ТЖМ құтқарушылары, «Алматы» ЖЭО, «Су Арнасы», «Алматы Тазалық» қызметтері, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және ТЖМ-нің өрт сөндіру автопойызы жұмылдырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер туралы 112 желісіне ақпарат түскен жоқ.