Жамбыл облысында жүкті әйелін зиратқа апарып, ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

13 Тамыз 2026, 16:30
АВТОР
 ©BAQ.KZ/ЖИ - Ерболат Бекболат 13 Тамыз 2026, 16:30
13 Тамыз 2026, 16:30
264
Фото: ©BAQ.KZ/ЖИ - Ерболат Бекболат

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері 18 жастағы жүкті әйелді соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолға түскен ақпаратқа сәйкес, күйеуі әйелді зиратқа апарып, соққыға жыққан. Сонымен қатар ер адамның жұбайын қылқындырып, пышақпен қоқан-лоқы көрсеткені де айтылады.

Өңірлік Полиция департаменті соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу барысы Жамбыл облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Наверх