Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Көкшетау – Атбасар тас жолында жол апаты болды.

 ©BAQ.KZ архиві 13 Тамыз 2026, 14:59
13 Тамыз 2026, 14:59
205
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ұсталды.

4 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы 12 тамызда «Көкшетау – Атбасар» автожолының 16-шы шақырымында болды.

Алдын ала анықталғандай, «Mini Cooper» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Audi» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан «Audi» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал «Mini Cooper» автокөлігінде болған тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. «Mini Cooper» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, қылмыстық істі тергеу жалғасуда, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус қызды қағып кетті

Тағы оқи отырыңыз: 

Қарағандыда жол-көлік оқиғасынан кейін автокөлік аударылып қалды

Республикалық жолдардағы жол апаттары 9%-ға азайды – «ҚазАвтоЖол»

Жол апатын жасап, Қонаевқа қарай қашқан: Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші ұсталды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх