Шымкентте бұрынғы әйеліне шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Дене жарақаттарын алған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңірлік Полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, оқиға 2 тамызда болған.
«Алдын ала деректер бойынша, ер адам бұрынғы әйелін алдап кездесуге шақырып, кейін үстіне сұйықтық шашып, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай анықталып, сол күні Алматыда ұсталды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды және уақытша ұстау изоляторында отыр.
Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
BAQ.KZ редакциясы зардап шеккен әйелдің денсаулық жағдайын білу үшін өңірлік Денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.
Еске салайық, бұған дейін баласын сатқан әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Абай облысында бұрынғы әйелін қызғаныштан ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Жамбыл облысында ер адам әйеліне телефон соққаны үшін 10 тәулікке қамалды
Әйелі кешіргенімен, заң кешірмеді: Жетісуда полицейлерді ұрған тұрғын түрмеге түсті