Алматыда мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 13 Тамыз 2026, 23:56
13 Тамыз 2026, 23:56
106
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Күндіз Алматыдағы көлік қозғалысы тығыз көшелердің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған жүргізушіні тоқтатты.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Халилуллин көшесінде Hyundai Starex автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісін сезген.

Ер адам медициналық куәландыруға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды. Енді оған көлік құралын басқару құқығынан айыру және әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылуда. Соңғы шешімді сот қабылдайды.

Алматы полициясы мас күйінде көлік жүргізу жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх