Ақтөбеде жолда «шоу көрсеткен» жастар жазаланды

Той кортежінде қауіпті трюк жасаған құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

13 Тамыз 2026, 15:23
АВТОР
 видеодан скриншот 13 Тамыз 2026, 15:23
13 Тамыз 2026, 15:23
121
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері үйлену тойына арналған автокөліктер кортежінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Бейнематериалда көлік жолаушыларының қозғалыс кезінде автокөліктің терезесінен денелерін шығарғаны, жүргізушілердің рөлде ұялы телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының барлық қатысушысына нақты қауіп төндіреді.

«Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушылардың барлығын анықтады. Құқық бұзушылардың барлығы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір көлік арнайы тұраққа қойылды», - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде телефон пайдаланбауға, қауіпсіздік белдігін тағуға және жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында тойдан кейін төбелес болып, 26 жастағы жігіт қаза тапты.

Тағы оқи отырыңыз: 

Той кортежіндегі заңбұзушылық: Жезқазғанда 6 адам жауапқа тартылды

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды?

Ерлан Қарин тойда уағыз айтқан ер адамға қатысты пікір білдірді

Наверх