Все новости за 5 шілде 2026
Шілде 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
29
|
30
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
1
|
2
|
-
-
Алматы облысында тау көлдерінің жарылу қаупін бақылау күшейтілді
Мамандардың негізгі міндеті – сел қаупі жоғары кезеңде жарылу қаупі бар тау көлдерінің жағдайын тәулік бойы бақылау.
-
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Ұлытау облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +35…+40°C-қа дейін көтеріледі.
-
Күрестен U20 Азия чемпионаты: Қазақстан 2 алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 5 шілдеде ұлттық құрама балуандары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
-
6 шілдеде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады
-
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
Астанада Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Асыл мұра» концерті ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды кешке айналды.
-
Рудныйда өрт кезінде екі адам құтқарылып, 10 тұрғын эвакуацияланды
Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құрады.
-
Конгода Эболадан 492 адам көз жұмды
15 мамырда басталған індет кезінде 1528 адамнан вирус анықталған.
-
Павлодарда жүргізуші трамвай желісінің бағанына соғылып, қаза тапты
Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
-
Анна Данилина Уимблдонның үшінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен жұптасып, келесі кезеңге жолдама алды.
-
Ертіс жағасында жоғалған қызды құтқарушылар дронның көмегімен тапты
Дауыс зорайтқышпен жабдықталған ұшқышсыз аппараттың көмегімен бойжеткеннің орналасқан жері анықталды.
-
Тегеранда Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі өтіп жатыр:
Алайда қаралы жиында жаңа жоғарғы көшбасшы көрінбеді.
-
OPEC+ елдері тамыз айында мұнай өндіру көлемін арттырады
Қазақстан да қатысатын альянс тәуліктік өндірісті 188 мың баррельге көбейту туралы шешім қабылдады.
-
Бекет атаға бара жатқан жолда жоғалған үш адам аман-есен табылды
Олардың көлігі батпаққа батып қалып, байланысқа шығу мүмкін болмаған.
-
Астанада көкөністердегі нитрат мөлшерін жедел анықтау акциясы өтті
«Астаналық» базарында өткен акция барысында тұрғындар сатып алған өнімдерін тегін тексерте алды.
-
Құрылтай сайлауы: жаңа саяси кезеңге дайындық қалай жүріп жатыр?
Жаңа Конституциядан кейінгі алғашқы сайлау науқанына әзірлік басталды.
-
Астанада тағы бір маңызды жол қиылысы ішінара жабылады
Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
-
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы күрт азайды
Иран бақылауы күшейген соң бірқатар кемелер бағытын өзгертуге мәжбүр болды.
-
«Салықтан хат келді»: Мобильді аударымдарға бақылау қалай күшейді?
Бұл кімдерге қатысты және қандай аударымдар тексеріледі?
-
Алып жанартау қайта оянды: Камчаткада күл 12 шақырым биіктікке атқылады
Жанартауға авиациялық қауіптің ең жоғары – қызыл деңгейі жарияланды.
-
Қазақстанда әскери қызметшілер шағымын цифрлық жүйе арқылы жолдай алады
Жаңа жүйе әскери қызметшілердің өтініштері мен шағымдарын жедел қарауға мүмкіндік береді.
-
ЮНЕСКО қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұйым домбыраны қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық болмысының маңызды нышаны деп атады.
-
Түркияда шағын автобус апатқа ұшырап, 22 адам зардап шекті
Жол апатынан жарақат алғандар ауруханаға жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
-
Бейжіңде қазақстандық және қытайлық жас домбырашылар қазақ күйлерін орындады
Ұлттық домбыра күніне арналған концертте екі елдің өнерпаздары қазақтың дәстүрлі күйлерін бірге орындады.
-
"Ақ жол" Құрылтай сайлауына 63 кандидат ұсынды
Съезде сайлауалды бағдарлама қабылданып, Құрылтай депутаттығына ұсынылатын 63 кандидаттың тізімі бекітілді.
-
Маңғыстауда Бекет атаға барған үш адам із-түзсіз жоғалып кетті
Оларды іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.
-
Жыл сайын 40 мыңнан астам қазақстандық инсультке шалдығады
Астанада өткен «Инсульт мектебі – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында инсультті диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи тәсілдері талқыланды. Іс-шараға Қазақстан және шетелдің жетекші мамандары қатысты.
-
Елордада жеңіл көлік өртеніп кетті
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел сөндіріп, зардап шеккендер болған жоқ.
-
"Бизнесті қорғау – блогерлердің емес, кәсіби мамандардың ісі" - "Ақ жол" партиясы қарсыластарына қатаң жауап қайтарды
Партия өкілі бизнесті қолдауда нақты нәтиже маңызды екенін айтып, «Ақ жолдың» ұстанымын түсіндірді.
-
Павлодар облысында зейнеткер көлге батып кете жаздады
Ер адамды құтқарушылар дер кезінде судан шығарып, жағаға жеткізді.
-
5 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды
Доллар, еуро және рубль қанша тұрады?
-
«Ақ жол» партиясы жаңа саяси бағдарламасын ұсынды
«Ақ жол» жаңа Конституция жағдайындағы негізгі басымдықтары мен алдағы міндеттерін жариялады.
-
Дания Еспаева: Қазақстанда кедейлер болмауы тиіс
«Ақ жол» әлеуметтік әділдік пен бизнесті қолдауды сайлауалды бағдарламасының өзегіне айналдырды.
-
Қазақстанның бас республикалық мешітіне жаңа атау берілді
Енді мешіт ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады. ҚМДБ мәліметінше, бұл атау ресми қолданысқа енгізілді.
-
Ұлттық домбыра күні: қазақтың қастерлі аспабы қалай ел бірлігінің символына айналды?
Бүгінде домбыра – Қазақстанның мәдени брендіне айналып, ұлттық мұраны әлемге танытатын рухани құндылық ретінде мойындалып келеді.
-
Қазақстанның тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
Құрылыс саласында не болып жатыр және бұл қарапайым қазақстандықтарға қалай әсер етеді?
-
Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Алжир арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
-
Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ пен Иран келіссөздерді қайта бастайды
Келіссөздердің жаңа кезеңі Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи жерленгеннен кейін басталуы мүмкін. Тараптар ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді талқылауды көздеп отыр.
-
Қытайда су тасқынынан екі адам қаза тапты
Табиғи апаттан кейін құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, билік тұрғындарды сақ болуға шақырды.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Мамандар мұндай кезде сақтық шараларын сақтануға кеңес береді.
-
ӘЧ – 2026: Марокко мен Франция ширек финалға жолдама алды
Осы нәтижеден кейін әлем чемпионатының ширек финалында Марокко мен Франция құрамалары өзара кездесетін болды.
-
1,6 мыңнан астам адам бет-жүзді жасыратын киім кигені үшін жауапқа тартылды
Алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту беріледі. Егер бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
-
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Домбыра күні қарсаңында күшіне енген жаңа Конституцияның тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдауды негізгі қағидаттардың бірі ретінде бекітуінің символдық мәні зор екенін айтты.
-
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жақындады
Ресми мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 16 592 адам жарақат алған. Сондай-ақ құтқарушылар 6462 адамды аман алып шыққан.
-
Конгода студенттер мінген қайық апатқа ұшырап, кемінде 20 адам қаза тапты
Жергілікті әкімшілік өкілдерінің мәліметінше, апаттан 80 адам құтқарылып, 20 адамның мәйіті табылған.
-
«Семей орманы» резерватында бір күнде төрт орман өрті тіркелді
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған.
-
Axios: Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Әзірге тараптар телефон әңгімесінің мазмұнына қатысты өзге ақпарат жариялаған жоқ.
-
БҰҰ: Нигерияда 17 миллионнан астам адам аштық қаупінде
Ұйым алдағы алты айда өңірдегі халықты азық-түлікпен және қажетті гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету үшін 89 миллион доллар көлемінде шұғыл қаржыландыру қажет екенін мәлімдеді.
-
Алматыда жеңіл көлік аударылып, жүргізуші ауыр жарақат алды
Көлікте болған жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.
-
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды
Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға, ал өрт қаупі жоғары өңірлерде ашық от қолданбауға шақырады.
-
Флорида жағажайында найзағай соғып, бір адам қаза тапты
Алғашқы ақпарат бойынша, үш адам медициналық көмек көрсету үшін жергілікті ауруханаларға жеткізілген.
-
Трамп келесі аптада Нетаньяхумен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Кездесу Трамптың 7-8 шілдеде өтетін North Atlantic Treaty Organization саммитінен оралғаннан кейін ұйымдастырылуы мүмкін.
Наверх