Axios: Трамп пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Әзірге тараптар телефон әңгімесінің мазмұнына қатысты өзге ақпарат жариялаған жоқ.

 Brian Snyder / Reuters Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
120
Фото: Brian Snyder / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Axios басылымы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, әңгіме барысында Владимир Зеленский Дональд Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтаған.

Әзірге тараптар телефон әңгімесінің мазмұнына қатысты өзге ақпарат жариялаған жоқ. Ақ үй де, Украина президентінің кеңсесі де келіссөздің егжей-тегжейіне байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Наверх