Түркияда шағын автобус апатқа ұшырап, 22 адам зардап шекті

Жол апатынан жарақат алғандар ауруханаға жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 Haber Global Бүгiн 2026, 14:09
Бүгiн 2026, 14:09
173
Фото: Haber Global

Түркияның Шанлыурфа провинциясына қарасты Суруч ауданында ауыл шаруашылығы жұмысшыларын тасымалдап келе жатқан шағын автобус жолдан шығып, жыраға құлады. Салдарынан 22 адам зардап шекті.

Haber Global телеарнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізушінің басқаруды жоғалтуы себеп болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жіберілді. Зардап шеккен 22 адамның барлығы, олардың басым бөлігі әйелдер, ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталды.

Наверх