6 шілдеде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды

Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады

 magnific.com Кеше 2026, 22:44
Кеше 2026, 22:44
119
Фото: magnific.com
6 шілдеде синоптиктер Астана қаласы мен Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер, бұршақ, екпінді жел мен тұман күтіледі. Оңтүстік және батыс өңірлерде аптап ыстық 40 градусқа дейін жетеді. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Ал елдің шығысындағы таулы аймақтарда сел жүру қаупі бар.

Астана қаласында ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады. Шығыс бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысында күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Павлодар облысында түнде облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін.

Ұлытау облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында 15 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ пен дауылды жел болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жоғары, ал солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні күндіз 15-18 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Алтай тауларында сел жүру қаупі бар.

Абай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Алматы облысында күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Оңтүстігінде және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел кейін солтүстік-батысқа ауысады. Таулы аудандарда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы өңірлерде 15-20 м/с болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістан қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында облыстың орталығында төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысында күндіз аптап ыстық 35-38 градусқа дейін жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз ауа температурасы 35 градус болады.

Атырау облысында таңертең және күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35-38 градусқа дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында 15-18 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35-36 градусқа дейін жетеді. Орал қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.

Наверх