Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға, ал өрт қаупі жоғары өңірлерде ашық от қолданбауға шақырады.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
181
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» бүгін, 5 шілдеде ел аумағында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.

Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Қатты жауын-шашын Қарағанды, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында болжанып отыр.

Алматы қаласында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал Іле Алатауының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Осындай ауа райы Алматы және Жетісу облыстарының таулы өңірлерінде де сақталады.

Сонымен қатар, бірқатар аймақта жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланды. Бұл қауіп Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстарында сақталады.

Батыс өңірлерде аптап ыстық жалғасады. Маңғыстау облысында ауа температурасы 38-39 градусқа дейін көтерілсе, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында сынап бағаны 35-37 градусқа дейін жетеді.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға, ал өрт қаупі жоғары өңірлерде ашық от қолданбауға шақырады.

Наверх