Алматы қаласының Әуезов ауданы аумағында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім етті.
Алдын ала мәлімет бойынша, Kia автокөлігінің жүргізушісі Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесінен өткеннен кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан автокөлік салынып жатқан жолайрықтың тірегіне соғылып, аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Көлікте болған жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа қауіпсіз жылдамдықты сақтамау себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Полиция жүргізушілерді жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ерекше мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауға және жол жағдайын ескеруге шақырды.