Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ пен Иран келіссөздерді қайта бастайды

Келіссөздердің жаңа кезеңі Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи жерленгеннен кейін басталуы мүмкін. Тараптар ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді талқылауды көздеп отыр.

 depositphoto.com Бүгiн 2026, 09:43
Бүгiн 2026, 09:43
170
Фото: depositphoto.com

АҚШ пен Иран Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиге арналған қаралы рәсімдер аяқталғаннан кейін Пәкістанның араағайындығымен келіссөздерді қайта бастамақ. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, кездесуде санкциялық саясат, Иранның бұғатталған активтерін босату және Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланады.

Иран делегациясының құрамы Хаменеимен қоштасу рәсімі аяқталғаннан кейін айқындалады.

Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер әлі де тұрақсыз жағдайда қалып отыр. Бұған дейін тараптар Пәкістанның араағайындығымен келісімге қол жеткізуге арналған жол картасы мен үйлестіру тетігін құруға келіскен болатын. Алайда бұдан кейін екі тарап бір-біріне соққы жасап, өзара келісімдерді бұзды деп айыптасты.

Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі Тегеранда өтіп жатыр. Ол 9 шілдеде Мешхед қаласында жерленеді.

Қаралы шараларға Қазақстан делегациясы да қатысуда. Делегацияны Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев бастап барған.

Наверх