ЮНЕСКО қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Ұйым домбыраны қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық болмысының маңызды нышаны деп атады.

 ©BAQ.KZ Бүгiн 2026, 14:48
Бүгiн 2026, 14:48
150
Фото: ©BAQ.KZ

ЮНЕСКО қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

Ұйым өкілдері Қазақстанда домбыраға деген ерекше құрметті жоғары бағалайтынын және осы мәдени мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы жұмыстарды қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақтың домбырамен күй орындау өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енген. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды өз тарихымен, ұлттық болмысымен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстандағы домбыраға деген ерекше құрметті жоғары бағалайды және осы баға жетпес мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге бағытталған күш-жігерді құптайды, – деді ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез.

Наверх