Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің маусымдық биік таулы бақылау бекеттері жұмысын бастады.
Мамандардың негізгі міндеті – сел қаупі жоғары кезеңде жарылу қаупі бар тау көлдерінің жағдайын тәулік бойы бақылау.
Бақылау бекеттерінің желісі қолжетімі қиын таулы аймақтардағы гидрологиялық жағдайды үздіксіз қадағалауға мүмкіндік береді. Тәулік бойғы мониторинг арқылы су деңгейінің өзгеруі мен басқа да қауіпті белгілер дер кезінде анықталып, қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар қызметтеріне жедел хабар беріледі.
Қазіргі уақытта мамандар өңірдегі ең қауіпті тау көлдерін бақылауда ұстап отыр. Бұл жұмыстар таулы аймақтарда сел жүру қаупін азайтып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.