Астанада көлік өртенгенде зардап шеккендердің жағдайы туралы ресми мәлімет шықты

Зардап шеккен 4 адам мен 1 баланың жағдайы белгілі болды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 14:53
Бүгiн 2026, 14:53
243
Фото: видеодан скриншот

31 мамырда Астананың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінің бойында автокөлік өртеніп, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен болатын. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жарақаттанғандардың жағдайы туралы айтты. 

№1 көпбейінді қалалық ауруханаға және №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына 4 ересек адам мен 1 бала жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда. Пациенттерге қажетті медициналық көмектің барлық көлемі көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін елордалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын, содан кейін автокөлік отқа оранғанын хабарлаған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлік те зақымданған.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Павлодарда ер адам біреудің пәтерін өртеп жібере жаздады

Астанада екі қабатты жатақханадан өрт шықты: 4 бала эвакуацияланды

Жамбыл облысындағы сауда орталығында өрт шықты

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх