- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Баланың телефонында не бар: Ата-ана неге мән беру керек?
Баланың телефонында не бар: Ата-ана неге мән беру керек?
Бүгінде бала өмірінде сымсыз телефонның алар орны ерекше.
Бүгiн 2026, 15:15
Сабақ оқудан бөлек, қосымша қызығушылықтары мен еркін уақыттарын да осы телефонда өткізеді. Алайда цифрлық әлем мүмкіндіктермен қатар қауіптерді де бірге алып келетінін ұмытпаған жөн. 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Орталық Азия елдерінде балалар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған арнайы ақпараттық науқан басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мақсаты – интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және отбасы мүшелері арасындағы ашық диалогтың маңызын түсіндіру. Бүгінгі таңда ата-аналарды алаңдататын басты мәселелердің қатарында кибербуллинг, күмәнді контент, интернет-алаяқтық және экран алдында шамадан тыс уақыт өткізу секілді мәселелер бар.
Ата-ана бақылауы неліктен маңызды?
Цифрлық платформалардың көпшілігінде ата-аналарға арналған бақылау құралдары бар. Олар арқылы баланың экран алдында өткізетін уақытын шектеуге, жеке деректердің қорғалуын бақылауға және қажетсіз контенттің көрсетілуін азайтуға болады.
Экран алдындағы уақытты шектей аласыз
Әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда жас ерекшелігіне байланысты шектеулер бекер енгізілмеген. Олар балаларды психологиялық тұрғыдан дайын емес ақпараттан қорғауға бағытталған.
Мысалы, TikTok платформасы 13 жастан асқан пайдаланушылар ғана қолдана алады. Ұсынылып отырған білім беру роликтері топтамасында мұндай мәселе анық көрсетілген. Сонымен «Отбасылық параметрлер» функциясын қалай пайдалану керек?
«Отбасылық параметрлер» ата-аналарға өз аккаунтын жасөспірімнің аккаунтымен байланыстырып, оның құпиялық және цифрлық әл-ауқаты параметрлерін басқаруға мүмкіндік береді. Бұл құралдың пайдалы мүмкіндіктерінің бірі – экран алдында өткізілетін уақытты шектеу. Бағдарламада 13-17 жас аралығындағы пайдаланушылар үшін күніне бір сағаттық лимит орнатылған, алайда ата-аналар бұл шектеуді өз қалауы бойынша өзгерте алады.
Сондай-ақ баптауда ұсыныстар лентасына арналған кілтсөздер сүзгісі де қол жетімді, ол контент сипаттамасындағы таңдалған сөздерден тұратын бейнелер көрсетілімін шектеуге көмектеседі. Ата-аналар пікірлерді бақылау құралдарын, оның ішінде жасөспірім жарияланымына жазылатын пікірлерді толығымен өшіру мүмкіндігін де пайдалана алады. Бұған қоса ата-аналар жасөспірім аккаунтының жеке немесе жария болатынын анықтай алады, сондай-ақ бала аккаунты жайлы ақпаратты, мәселен жасөспірім бұғаттап тастаған жазылым, жазылушылар және пайдаланушылар тізімін көре алады.
Кибербуллинг көрсеңіз, шағымдана аласыз
Интернеттегі қорлау мен кемсіту соңғы жылдары өзекті мәселеге айналды. Кей жағдайда бала өзінің қысым көріп жүргенін ата-анасына айтпайды.
Сондықтан бұл платформа қауымдастық ережелері бойынша көпшілік алдында кемсітуге, келісімсіз жеке ақпаратты жариялауға және пайдаланушыларға зиян келтіруі мүмкін контенттерге тыйым салынады. Видеода пайдаланушыларға аудиториямен өзара қарым-қатынасты бақылауға көмектесетін функциялар туралы айтылады. Мысалы, жағымсыз пікірлерді сүзгілеу функциясы қосулы болса, пікірлер видеоның астында автор мақұлдағаннан кейін ғана көрінеді. Сондай-ақ кибербуллинг немесе платформа ережелерінің бұзылғанына куә болған пайдаланушылар платформа ішіндегі құралдар арқылы құпия түрде шағымдана алады.
Түнгі уақытта гаджетті көп пайдаланса, ескерту жасайды
Зерттеулер көрсеткендей, түнгі уақытта гаджеттерді ұзақ пайдалану ұйқы сапасына әсер етеді. Ал ұйқының бұзылуы баланың оқу үлгеріміне, көңіл-күйіне және жалпы денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Сондықтан 16 жасқа толмаған пайдаланушы сағат 22:00-ден кейін оған кіретін болса, платформа үзіліс жасауды ұсынып, ұйқыға дайындалуға арналған тыныс алу жаттығуларын көрсетеді. Сондай-ақ ол түнгі уақытта хабарландыруларды автоматты түрде өшіріп, жасөспірімдердің тынығуына қолдау көрсетеді.
Қауіпсіздік диалогтан басталады
Мамандардың ортақ пікірі бір: баланы интернеттен толықтай оқшаулау мүмкін емес әрі дұрыс шешім де емес. Ең тиімді тәсіл – сенімге негізделген қарым-қатынас орнату. Аталмыш платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістікті қалай қалыптастырады?
Мысалы, 16 жасқа толмаған пайдаланушылар жүктеген видеолар ұсыныстар лентасына шықпайды, оларды жүктеп алу мүмкін емес және сол видеолармен дуэт жасауға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар онда 16 жасқа толмаған барлық пайдаланушылар үшін жеке хабарламалар функциясы өшірілген, бұл бейтаныс адамдармен қажетсіз хат алмасу қаупін болдырмайды.
Жалпы алғанда платформа ата-аналарға жасөспірімдердің қандай контент қарайтынына, оларды қандай тақырып қызықтыратынына немесе алаңдататынына назар аударуға, сондай-ақ интернетті пайдалану ережелерін бірге талқылауға кеңес береді. Мұндай тәсіл бақылау сезімін қалыптастырмай, жасөспірімдердің цифрлық ортада саналы әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Ең оқылған:
- Астанада бір мезетте бірнеше үйден өрт шықты
- Астанада жол үстінде көлік өртенді: Зардап шеккендер бар
- WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынағына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді
- LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады
- Астаналық ер адам автобустағы балағат сөздері мен агрессивті әрекеті үшін 15 тәулікке қамауға алынды
Аида БАТУХАН