Әл-Фараби даңғылындағы апат: Күдікті кінәсін мойындады

Алматыдағы жол апатында күдікті деп танылған Александр Пак кінәсін толық мойындады. 

Бүгiн 2026, 11:20
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина Бүгiн 2026, 11:20
Бүгiн 2026, 11:20
209
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Басты сот отырысында судья Еркін Майшинов күдіктіден "Кінәңізді мойындайсыз ба?" деп нақтылады. 

Кінәмді толық мойындаймын. Жол-көлік оқиғасы бойынша да, қаза тапқандар бойынша да, - деді процеске онлайн қатысып жатқан күдікті. 

Айта кетейік, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергелді.

Аталған бап бойынша ең ауыр жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Айта кетейік, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты басты сот отырысы басталған еді.

Наверх