Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
145
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері бүгінге, 1 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі. Сонымен қатар желдің екпіні секундына 15-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Қонаев, Талдықорған және Түркістан қалаларында ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда.

Астана қаласында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтілсе, Алматыда күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Шымкент пен Түркістанда ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді.

Синоптиктер бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Абай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Наверх