Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен медицина қызметкерлеріне 8,8 млн теңге көлемінде еңбек демалысына төленетін төлемақылар өндірілді.
Целиноград ауданы прокуратурасымен еңбек заңнамасы саласында жүргізілген тексеру барысында «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-нің 31 қызметкері алдында 8,8 млн теңге көлемінде еңбек демалысына төленетін төлемақы бойынша берешек анықталды.Пр окурорлық қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтеліп кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 31 медицина қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін төленбеген сыйақы үшін Қостанай облысында спорт ардагерлері министрлікті сотқа берді.
Тағы оқи отырыңыздар:
100 жолаушының 40-ы "қоян": Автобусқа мінген бойда төлем жасамағандар жазаланады
Зиянды жұмыста істегендерге ақша төленеді: 21 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлем берілді
Жұмыссыз қалсаңыз, қанша ақша аласыз: Әлеуметтік төлем қалай есептеледі?