Жетісу облысында полицейлер сібір еліктерін заңсыз аулау фактісін анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу деректеріне сәйкес, ер адам дала аймағына қасқыр аулауға бара жатқанын айтып шыққан. Алайда ол орманды аумақта жабайы жануарларды атуға рұқсаты болмағанына қарамастан, заңды түрде тіркелген ойық ұңғылы қарумен еліктерге бірнеше рет оқ атқан.
Нәтижесінде екі сібір елігі заңсыз ауланған.
Жануарлардың денесін бөлшектегеннен кейін күдіктіні полиция қызметкерлері оқиға орнында қолға түсірді.
Өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал көлемі 3,2 миллион теңгеден асады.
Қылмыстық іс әрі қарай сотта қарау үшін прокуратураға жолданды.
Полиция өкілдері заңсыз аңшылықтың жануарлар дүниесіне елеулі зиян келтіретінін және мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Тағы оқи отырыңыз: 11,5 мың қару тәркіленді: Олардың қаншасы Қаңтар оқиғасымен байланысты?