Павлодарда ер адам біреудің пәтерін өртеп жібере жаздады

Оқиға болған сәт бейнебақылау камерасына түскен.

Бүгiн 2026, 09:26
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 09:26
Бүгiн 2026, 09:26
231
Фото: видеодан скриншот

Ер адам подъезге канистрадағы сұйықтықты төгіп, от тұтатпақ болған. Полиция күдіктіні анықтады.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде таңғы сағат жетіде жанжал шыққан. Ер адам пәтерлердің біріне канистрамен келіп, кіреберіске сұйықтық төгіп, пәтерді өртемек болған.

Шуды естіп сыртқа екі ер адам мен бір әйел шыққан. Олар құқық бұзушыны байқап, оған бөгет жасаған. Әлеуметтік желідегі пікір қалдырушылар өртеу әрекеті бүкіл кіреберіс тұрғындары үшін қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді деп жазуда. 

Полиция құқық бұзушының тұлғасын анықтады. Оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды, материал процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданады, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада бір мезетте бірнеше үйден өрт шыққаны хабарланды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх