Балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр

Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады.

Бүгiн 2026, 13:04
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Ғазиз Шәкіров Бүгiн 2026, 13:04
Бүгiн 2026, 13:04
157
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ғазиз Шәкіров

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық статистика бюросы еліміздегі балалар саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады. Бұл республика халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды.

Статистикаға сәйкес, балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық елді мекендерде тұрады. Ұл балалардың үлесі 51,4 пайыз болса, қыз балалардың үлесі 48,6 пайызды құрайды.

Өңірлер бойынша балалардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 910,4 мың бала немесе жалпы көрсеткіштің 13,2 пайызы. Одан кейін Алматы қаласы – 688,9 мың бала (10 пайыз) және Алматы облысы – 572,3 мың баламен (8,3 пайыз) көш бастап тұр.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы бес жылда Қазақстандағы балалар саны 4,4 пайызға артқан.

Айта кетейік, жыл сайын 1 маусымда әлемнің көптеген елінде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жас ұрпақтың құқықтарын қорғау, денсаулығын сақтау және жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды.

Тағы оқи отырыңыз: Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Наверх