Все новости за 27 маусым 2026
-
-
Алматы тауларында жарақат алған турист құтқарылды
Құтқарушылар зардап шеккен тұрғынды арнайы зембілге жатқызып, оны Алмарасан автотұрағына дейін апарды. Әрі қарай жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық тексеруге жіберілді.
-
Елімізде бір күнде 3 орман өрті тіркелді
Өрттердің шығуына негізінен найзағай разрядтары себеп болды.
-
Қазақстан академиялық ескек есуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
Ескек есуден Әлем кубогының кезеңі 28 маусымда аяқталады.
-
Жер сілкінісінен кейін мамандар арнайы тексеріс жүргізді
Мамандардың зерделеуінше, жағдай тұрақты.
-
Алматыда тұрғын үйден өрт шықты
ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді.
-
Жексенбіде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
28 маусымда үш мегаполисте – Астана, Алматы, Шымкент қалаларында да дауылды ескерту жарияланды.
-
Ашық есік күні онкологиялық орталықтарда 30 адамнан қатерлі ісік анықталды
Еліміздегі онкологиялық орталықтарда өткен ашық есік күні мыңдаған адам тексеруден өтіп, олардың 30-ынан қатерлі ісік анықталды.
-
Қазақстандық велошабандоз Өзбекстандағы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді
Қазақстан құрамасының өкілі Өзбекстанда өткен маунтинбайктан Азия чемпионатында екінші орын алып, ел қоржынына күміс медаль салды.
-
Астраханьда жаппай уланудан кейін кемінде 12 адам ауруханаға түсті
Жаппай улану дерегінен кейін бірнеше адам медициналық көмекке жүгініп, олардың кемінде 12-сі ауруханаға жатқызылды.
-
Шымкент пен екі облыстың тұрғындары жер сілкінісін сезді
Жерасты дүмпуі Шымкент қаласы мен Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілген.
-
Қорғаныс министрлігі Атырау аспанында ұшқан жойғыш ұшаққа қатысты түсініктеме берді
Ведомствоның мәліметінше, әскери ұшақтың әуеге көтерілуі жоспарлы оқу-жаттығу ұшуына байланысты болған.
-
Алматы облысында бұрынғы шенеунік 20 млн теңге алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Тергеу мәліметінше, күдікті ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
-
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
Қарқара жайлауында өткен ұлттық мерекеде Президенттің құттықтауы оқылып, ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарыстар ұйымдастырылды.
-
Алматыда сәлемдемеден марихуана алған жасөспірім ұсталды
Алматыда марихуана салынған сәлемдемені алған жасөспірім полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
-
Сауат Нұрғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Италияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Сауат Нұрғалиев үздік үштікке еніп, ел қоржынына қола жүлде салды.
-
Қазақстан Ормуз бұғазына шығады: Ирандағы порт бізге не береді?
Қазақстан әлемдегі ең маңызды теңіз қақпаларының біріне шығады. Бұл ел экономикасы үшін жаңа мүмкіндік пе, әлде геосаяси тәуекелі жоғары жоба ма?
-
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
ПАСЕ депутаттары Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумнан кейін жүзеге асырылып жатқан саяси және конституциялық реформаларға қолдау білдірді.
-
Шанхайда қазақ халқының тарихи мұрасы таныстырылды
«Бабалар мұрасы – дәстүр сабақтастығында» көрмесі 2026 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.
-
АҚШ-та жаңа ChatGPT моделін пайдалануға шектеу қойылды
Шектеу қауіпсіздік пен деректерді қорғауға қатысты алаңдаушылыққа байланысты енгізілген.
-
Қазақстан халық партиясының төрағасы ауысты
Кезектен тыс съезде делегаттар Нұрсұлтан Шоқановтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, партияның жаңартылған Жарғысы мен жаңа айдентикасын бекітті.
-
Астанада жөндеу жұмысына байланысты екі көшеде қозғалыс ішінара шектеледі
Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
-
Солтүстік Қазақстан облысында жаңғыртылған екі теміржол вокзалы ашылды
Елімізде жаңғыртылған теміржол вокзалдарын пайдалануға беру жұмыстары жалғасып жатыр.
-
Астанада Әл-Фараби даңғылында автобус өртенді
Өрттің себебі анықталып жатыр.
-
Түркияда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 20 адам зардап шекті
Жол апаты жеңіл көлік пен жолаушылар автобусының соқтығысуынан болған.
-
Түркістан облысында прокуратура мемлекетке 59 гектар жерді қайтарды
Жер телімдері заң талаптарын бұза отырып жеке меншікке берілгені анықталған.
-
Алматы – Өскемен тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Жол апатынан тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
-
Конгода Эбола жұқтырғандар саны 1 203 адамға жетті
Соңғы бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 48 адамға, көз жұмғандар саны 17 адамға артты.
-
Павлодар облысында ер адамды орындықпен сабаған әйелге үкім шықты
Сот әйелді денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
-
Израиль мен Ливан жаңа келісім аясында әскерді кезең-кезеңімен шығаруға келісті
Құжатқа 26 маусымда Вашингтонда АҚШ, Израиль және Ливан өкілдері қол қойды.
-
Түркістанда 50 гектар аумақты алып жатқан жаңа экопарк ашылды
Жаңа демалыс аймағында күн энергиясымен жұмыс істейтін 170 жарық шамы орнатылды.
-
БҰҰ дабыл қақты: Әлемде жаңа қауіпті есірткілердің таралуы күшейді
Ұйымның есебінде синтетикалық есірткінің таралуы артып, оның адам денсаулығы мен қоғамға төндіретін қаупі күшейіп бара жатқаны айтылған.
-
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа ластанады
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт жүрмеуге, әсіресе автокөлік көп жүретін жолдардың маңынан аулақ болуға кеңес береді.
-
ӘЧ – 2026: Франция Норвегияны ойсырата жеңді, Уругвай жарыстан шығып қалды
Сонымен қатар, Кабо-Верде алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
-
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты: 34 тұрғын эвакуацияланды
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
-
Елімізде бір тәулікте 13 орман өрті тіркелді
Мамандардың мәліметінше, барлық өрт ошақтары орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірлескен жұмысының нәтижесінде дер кезінде анықталып, жедел оқшауланды.
-
Францияда аптап ыстықтан төрт бала көз жұмды
Жергілікті билік аталған қайғылы оқиғалардың мән-жайын анықтап жатыр.
-
Жаңа алаяқтық схемалары: Ұлттық Банк маңызды ескерту жасады
Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар халық көп жиналатын орындарда «шұғыл қоңырау шалу керек» деген сылтаумен телефон сұрап алып, банк қосымшалары арқылы ақша аударуы немесе құрылғыға қашықтан басқаруға арналған арнайы бағдарламаларды жасырын орнатып жіберуі мүмкін.
-
АҚШ Еуропа тауарларына 100 пайыздық кедендік баж енгізуі мүмкін
Трамптың айтуынша, жаңа баж салығы бұған дейін жасалған кез келген сауда келісімінен басым болады.
-
Жасыбай көлінде су ортасында қалып қойған екі демалушы құтқарылды
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жағадан алыс кетпеуге және ауа райы мен өз мүмкіндіктерін ескеруге шақырды.
-
АҚШ бастамасымен Израиль мен Ливан негіздемелік келісімге қол қойды
Келісімге сәйкес, Ливанның егемендігін нығайту, қарулы «Хезболла» қозғалысын қарусыздандыру және Израильдің солтүстік шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізіледі.
-
Бұршақ және аптап ыстық: Ел аумағында дауылды ескерту жарияланды
Қатты ыстыққа байланысты көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
-
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920-ға жетті
Бұдан бөлек, ондаған мың адам хабар-ошарсыз кеткендер тізіміне енгізілген.
-
Трамп Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады
Трамптың мәлімдеуінше, Иран кемелерге кемінде төрт дрон ұшырған.
Наверх