ҰҚК Шекара қызметі 60 млн теңгенің жанар-жағармайын заңсыз тасымалдаудың жолын кесті

300 тоннадан аса өнімді заңсыз шығармақ болғандар анықталған.

Бүгiн 2026, 12:49
АВТОР
 polisia.kz Бүгiн 2026, 12:49
Бүгiн 2026, 12:49
151
Фото: polisia.kz

2026 жылдың басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 2400-ден астам фактісінің жолы кесілді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім еткендей, шекарашылар құны шамамен 60 млн теңге болатын бензин, дизель отыны, керосин және т.б. болатын 300 тоннадан астам өнімді заңсыз шығару жолын кескен. 

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып журген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында полиция жанар-жағармайды елден заңсыз шығарудың жолын кесті. 

Тағы оқи отырыңыздар: 

Ақмола облысында отынды аз құйған жанармай құю станциясына айыппұл салынды

Наверх