Башқұртстан Республикасында сот Благовещенск қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Сот мәліметінше, әйел өз қызына жүйелі түрде тиісті күтім жасамаған. Ол баланың қалыпты өмір сүруіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етпей, дұрыс тамақтандырмаған, медициналық көмек пен қажетті дәрі-дәрмектерді уақытында бермеген. Соның салдарынан баланың дамуы баяулап, салмағы жеткілікті деңгейде қосылмаған.
Тергеу барысында әйелдің балаға күш көрсеткені де анықталған. Ол қызына айқайлап, қатты сілкілеп, ұрып-соғып отырған. Сондай-ақ тамақтан шектеп, гигиеналық талаптарды сақтамаған.
Кейбір жағдайларда әйел бала үшін ауыр жағдайлар туғызған. Атап айтқанда, оның беті мен денесін матамен жауып, аузын байлап қойған, ауа жетіспейтін бөлмеде ұстаған және балаға тіл тигізген.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 18 ақпанға қараған түні әйел баласының жылағанына ашуланып, қызын тұншықтырып өлтірген.
Сот оны бірнеше бап бойынша, оның ішінде кәмелетке толмаған баланы өлтіру, азаптау және баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау қылмыстары үшін кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен әйел жалпы режимдегі түзеу колониясында 17 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар бостандыққа шыққаннан кейін 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Хабарланғандай, әйелдің тағы екі кәмелетке толмаған баласы бар. Қазіргі уақытта олар әжесінің қамқорлығына берілген.
Еске салсақ, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апаты бойынша жәбірленуші тарап, марқұм жүргізушінің туыстары күдікті Александр Пакпен татуласқанын мәлімдеді. Олар соттан күдіктіні бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрап отыр.
Тағы оқи отырыңыз: Жәбірленушілердің кешірімін алған Пак жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?
«Тірідей көміп кеткен»: Алматы облысында демалыс аймағының қызметкерлері адам өлтірді деген күдікке ілінді