Екібастұзда 24 мамыр күні артқа қарай қозғалып келе жатқан көлік қолында баласын көтеріп тұрған әйелді қағып кеткен.
Павлодар облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шеккенін мәлімдеді.
Жаяу жүргінші зардап шеккен жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 24 мамырда Екібастұз қаласында «ГАЗ» автокөлігінің жүргізушісі артқа қарай маневр жасау барысында баласымен келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, - деп хабарлады Павлоадр облысының ПД бапасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда ер адам біреудің пәтерін өртеп жібере жаздады.
Тағы оқи отырыңыздар:
Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Астанада жүк көлігі баланы қағып кетті
Туысынан алған Porsche: Петропавлда жүргізуші 12 жастағы оқушыны қағып өлтірді